ЖОЛДАУ • Бүгін, 10:10

Транзиттік мүмкіндік арта түседі

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Жол­дауда еліміздің көлік жүйе­сі үшін стратегия­лық маңы­зы зор «Сексеуіл – Бейнеу» жобасын жүзеге асыру­ды тапсырды. Аталған ма­гис­тралдың құрылысы Қы­тайдан Еуропаға біздің елдің аумағы арқылы жүк тасымалдау уақытын шамамен үштен бірге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Транзиттік мүмкіндік арта түседі

Сурет: inbusiness.kz

Сонымен қатар Каспий теңі­зіне тікелей қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Мұндай қадам еліміздің транзиттік әлеуетін едәуір нығайтып, теңіз порттары арқылы жүк айналымын ұлғайтады, ха­лық­аралық логистикалық тізбек­тердегі стратегиялық буын ретіндегі рөлімізді күшейтеді. Бұдан бөлек, жоба еліміздің батыс аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуына ай­тар­лықтай серпін бермек. Атап айтқанда, жаңа жұмыс орын­дарының құрылуы, шағын және орта бизнестің өркендеуі, туризм саласының әлеуетін кеңейтуге жағдай жасайды.

Жалпы, республика бойынша 13 мың шақырымнан астам тасжол құрылысы мен жөн­деу жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар шекара инфра­құрылымын да жаңғырту қолға алынды. Биыл 8 өткізу бекеті то­лық іске қосылады, ал келесі үш жыл ішінде тағы 34 бекет қай­та жаңар­тылады. Нәтижесінде, өт­кі­­зу қабілеті артып, азаматтар мен кә­­сіпкерлерге көрсетілетін қыз­­мет сапасы айтарлықтай жақсарады.

 

Төлеген Абдуллин,

Көлік министрлігі

Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы