
Білім • 11 Ақпан, 2025
Аттестаттау автоматтандырылады
Елордада Оқу-ағарту министрлігінің дәстүрлі алқа отырысы өтті. Ауқымды жиынға педагогикалық және ата-аналар қауымдастығының, өңірлік білім басқармаларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері мен сала сарапшылары қатысты. Іс-шарада былтырғы нәтижелер қорытындыланып, биылға жоспарланған жұмыстар айтылды.
Үкімет • 08 Ақпан, 2025
Мәжіліс халықаралық келісімдерді қарайды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Үкімет • 08 Ақпан, 2025
Ішкі саясаттағы негізгі басымдықтар талқыланды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен ішкі саясат және идеология жұмысына қатысты республикалық кеңес өтті. Басқосуға Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Үкімет мүшелері, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің орынбасарлары, аймақтардағы қоғамдық даму басқармаларының жетекшілері қатысты.
Қоғам • 08 Ақпан, 2025
Парламент Мәжілісінің кітапханасында «Білікті ұстаз – білімді ұрпақ» атты басқосу өтті. Оған Қазақстанның Еңбек ерлері, үздік педагогтер Эльмара Траисова, Алма Шүкежанова, Алина Соловьева қатысты. Бұл іс-шараны «Ауыл» партиясы ұйымдастырды.
Қаржы • 08 Ақпан, 2025
Қайтарылған актив мектеп құрылысына бөлінді
Үкімет Мемлекет басшысының қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Арнайы мемлекеттік қордан Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Көксай ауылында жаңа мектеп салу үшін 1,4 млрд теңге қаржы бөлді.
Үкімет • 08 Ақпан, 2025
Өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Шымкенттегі энергиямен қамтамасыз ететін стратегиялық нысандарды аралап, қаланың активімен «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жоспарын іске асыру бойынша кеңес өткізді.
Тұлға • 08 Ақпан, 2025
Ойлап қарасақ, Қонаев қаласынан «Мұқағалитану мәдени орталығын» ашатын мезгіл жеткен секілді. Оның ұлтқа да, ұрпаққа да пайдасы тиер еді. Себебі Мұқағали Мақатаев екінің бірі емес. Бірегей ақын! ХХ ғасырдың шекарасынан тоқтаусыз өткен, ХХІ ғасырға жарқырап жеткен жампоз.
Руханият • 08 Ақпан, 2025
«Өткен күннің артта қалып елесі, жылжи берер уақыттың кемесі» демекші, зымыраған уақыт шіркіннің бір орнында тұрмайтыны ақиқат-ау! Сонау сексенінші жылдардың басына таман талдырмаш келген қараторы келіншек Рысбала Әбдіқадырова «СҚ»-ның табалдырығын имене аттап, меншікті тілшілер қосынының жетекшісі Кеңесхан Зәкен ағамыздың қарамағында қызмет атқаруға кірісіп еді. Кейін «Егемен Қазақстан» атанған айтулы басылымның маңдайалды қызметкері болған ол күн сайын тыным таппай, облыстағы меншікті тілшілермен хабарласып, өзекті деген материалдарды жеделдетіп қабылдап алып отырудың хас шеберіне айналды.
Қоғам • 08 Ақпан, 2025
Рухани мұрат және отбасы құндылығы
12 қаңтарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толды. Бұл – бағалай білгенге ауқымды істерді атқаруға берілген үлкен мүмкіндік. Кезінде Алматыдағы шағын ғана ғимаратта өз жұмысын бастаған мүфтият бүгінде үлкен рухани ордаға, Қазақстан мұсылмандарының қарашаңырағына айналды.
Пікір • 07 Ақпан, 2025
Ең алдымен өзгеріс санада болуы қажет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент қызметіне кіріскелі елде халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Бірқатар саяси-экономикалық реформа іске асырылды. Мемлекеттік басқару, азаматтық бақылауды күшейту, сот жұмысында ашықтықты қамтамасыз ету секілді бастамалар көптің көкейіндегісін дөп басты деуге болады.