Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20310 материал табылды

Үкімет • 15 Қазан, 2024

Мемлекеттік сыйлық үміткерлері анықталды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен 2024 жылғы Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті.

Егемен Қазақстан • 14 Қазан, 2024

«Хат қоржын»

Халықтың қарымды қалауы Елімізде АЭС салу керек пе, жоқ па деген мәселеге байланысты бүкіл отбасымызбен №15 мектептегі учаскеге барып, өз таңдауымызды жасадық. Жалпы, еліміз тәуелсіздігін алғалы бері бізде бірнеше референдум өтті. 1995 жылы Ата заңымызды қабылдағанда да осылайша бүкіл халық болып дауыс бердік. Қателеспесем, бұл егемен ел тарихындағы төртінші референдум болу керек. Мұндай үлкен де келелі мәселелерді ата-бабаларымыз құрылтайда шешетін. Жылына бір құрылтай ұйымдастырылса, сол жерде барлық даулы мәселе дауысқа салынатын. Президентіміз АЭС салу мәселесін де сол ежелгі дәстүрмен халықтың талқысына салуды жөн деп тапқан екен.

Театр • 12 Қазан, 2024

Қуыршақтардың жұлдызды жорығы

Алматы қаласындағы тұңғыш Мемлекеттік қуыршақ театры – өзіндік дара жолын қалыптастырған өнер ордасы. Бүгінде 90 жылға жуық тарихы бар театр елімізде және шетелдерде өткен республикалық, халықаралық театр фестивальдарында көптеген жүлделі орынға ие болып, топ жарып жүр. Өнер ошағының репертуарының ауқымы кеңейіп, жас балдырғандармен қатар, ересектер аудиториясына да әлемдік классикалық шығармаларды қуыршақ бейнесінде сахналайды. Көрерменге жол тартқан әр қойылым ыстық ықыласқа бөленіп, кәсіби театр мамандары тарапынан жоғары бағаға ие болып келе жатқаны – қуантарлық жайт.

Шаруашылық • 12 Қазан, 2024

Өрісті өндіріс

Павлодар облысы – еліміздегі егістік алқаптары­ның көлемі бойынша 4 орында. Жалпы, егістік көлемі 1,6 млн гектар алқаптың 928,5 мың гектарына – дәнді және бұршақты, 374,3 мың гектарына – майлы, 281,2 мың гектарына – мал азықтық дақылдар, қалғанына көкөніс егілді. Бүгінде облыс­та картоп толық жиналып, дәнді дақылдар мен көкөністердің 99%-ы жиналды, майлы дақылдар жинау жұмыстары басталды.

Аймақтар • 12 Қазан, 2024

Өңірге серпін берген жоба

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» жо­басының Ақмола облысын­да іске асырылу барысын тексеріп, бірқатар әлеу­меттік нысанды аралады.

Архив • 12 Қазан, 2024

Орталық мемлекеттік архив қызметімен танысты

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Орталық мемлекеттік архивте болды.

Қаржы • 12 Қазан, 2024

Қаржы нарығын дамыту туралы заң жобасын қарайды

Палата спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Қаржы • 11 Қазан, 2024

Жылу желілерін қайта құрылымдауға – 5 млрд теңге

Үкімет Ақтау қаласының магистралды жылу желі­лерін реконс­трук­ция­лауға қаражат бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қой­ды.

Қоғам • 11 Қазан, 2024

Роботтехника саласының чемпиондарымен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин роботтехникадан әлемнің үш дүркін жеңімпазы атанған мектеп оқушыларымен жүздесті.

Қоғам • 10 Қазан, 2024

«Самұрық-Қазына» АҚ мен Ғылым министрлігі бірлесе әрекет етпек

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» басшысы Нұр­лан Жақыпов пен Ғы­лым және жоғары білім министрі Саясат Нұр­бектің Аста­нада өткен кездесуі бары­сында айтылды. Ұлттық әл-ауқат қоры аталған ми­нистрлікпен бірлесіп ғы­лыми жобаларды әзір­­леуді жоспарлап отыр.