
фото: ашық дереккөз
EKAZENT Management – сауда және аутлет орталықтарын басқару бойынша толық қызметтер кешенін ұсынатын, Австриядағы жылжымайтын мүлік нарығының жетекші компанияларының бірі.
Кездесу барысында ынтымақтастық бағыттары қарастырылды. Атап айтқанда, Алматы облысында аутлет орталығын салу жөніндегі инвестициялық жобаның іске асу мүмкіндіктері сөз болды. Бұл жоба өңірдің сауда және туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған. Және тек Қазақстаннан ғана емес, сондай-ақ көршілес елдерден де келетін сатып алушыларды тартуға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру шағын және орта бизнесті дамытуға, инвестиция тартуға және тауар айналымын ұлғайтуға серпін береді.
Тараптар Қазақстанда заманауи коммерциялық жобаларды, соның ішінде дамыған логистикалық инфрақұрылыммен қамтылған нысандарды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті. Сондай-ақ, елдің туристік әлеуеті мен Қытай, Ресей және Орталық Азия елдеріне жақын орналасуы Қазақстан нарығын анағұрлым тартымды етіп отырғаны айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар жобаны нақты іске асыруға әзір екендіктерін білдірді.
Дамира ТӨЛЕГЕН
ЕҰУ студенті