Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23534 материал табылды

Үкімет • 07 Қыркүйек, 2023

Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы

Премьер-министр Әлихан Сма­йылов Үкіметтің халық­аралық қар­жы ұйымдарымен ынты­мақтас­ты­ғы жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезек­ті отырысын өткізді.

Пікір • 07 Қыркүйек, 2023

Шынайы әріптестік қажет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында билік пен бизнеске қатысты өткір мәселелерге тоқталып, еліміздегі құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерді қудалауын тоқтату қажеттігін мәлімдеді.

Пікір • 07 Қыркүйек, 2023

Ертеңге деген үмітті оятты

Жыл сайын Сырдария арнасының арнасы төмендей беруі дүйім жұртты ойландырып жүрген мәселенің бастысы еді. Бұл әсіресе, аграрлық өңір саналатын Сыр бойы диқандарының арқасын аяздай қарып келді десек, ақиқаттың ауылынан алыстай қоймаспыз.

Пікір • 07 Қыркүйек, 2023

Әділдік болмай, ілгері жылжу жоқ

Биылғы Жолдаудың бұған дейінгі құжаттардан көп ерекшелігі бар. Ең бас­тысы, құжат уақыттың өзі алдымыздан шығарып отырған көптеген кезек күттірмес мәселені шешу жолдарын қамтығандығымен құнды. Соның ішінде ең алдымен, экономика саласындағы күрделі мәселе қозғалып отыр.

Пікір • 07 Қыркүйек, 2023

Басты бағыт – инфрақұрылымды дамыту

Президент жыл өткеріп әлеуметтік салаға көп назар аударатын еді. Биыл экономиканың барлық саласын кешенді дамытуға мән берілгендей. Осы тұрғыдан келгенде Жолдау ерекше болды деп топшылауға болады. Тоқталайық.

Өнер • 07 Қыркүйек, 2023

Азаттық үшін айқасқан

Шежірелі тарихы­мыздың әр парағын ашып, тереңіне үңілсек, халқымыз ғасырлар бойы басын бәйгеге тігіп, азаттық үшін арпа­лысқанын көреміз. Бостандық сүйгіш қазақтың басынан небір қилы заман өтті. Қысылтаяң кез­де мұқалмай бір жең­нен қол, бір жа­ғадан бас шығара білген батыр баба­ларымыздың ер­лігі санамызда жат­талып қалды. Сон­дай бірегей батыр­лардың бірі ұлт­­азат­тық көтері­ліс­­тің бас сар­дары Аман­гелді Има­новтың туғанына би­ылғы 3 сәуірде 150 жыл толды.

Тұлға • 07 Қыркүйек, 2023

Тасжарған Тарази

Энергияның түрі көп. Алайда ақыл-ой қуатына тең келетін бірде-бір күш жоқ. Дәл осы энергетика бойына молынан құйылған адамдарды алабөтен құрметтеймін. Астанаға қоныс аударған ширек ғасырда үш ағамды ерекше жақсы көріп кеттім. Олар – Әкім Тарази, Қойшығара Салғарин және Төлен Әбдік. Парасаттылық пайымынан жаңылмай келе жатқан үш алыпты бір-біріне қатты ұқсатамын. Мүмкін, олар өмір бойы ақыл-ойдың энергетикалық жиілігінде жүргендігінен болар. Бізге сенімді өмір сүруге платформа жасап беретін өмірлік тәжірибесі бай, жиған-тергені мол жандардың шамшырақтай жол көрсетіп тұратыны – зор байлық.

Тарих • 07 Қыркүйек, 2023

Қоянды жәрмеңкесі: күнгейі мен көлеңкесі

Атақты Қоянды жәрмеңкесі 1848-1930 жылдар аралығында Сарыарқа төрінде орналасқан ірі маусымдық сауда орталығы болған. Ол 1848 жылы Қарқаралы станицасынан 52 шақырым қашықтықтағы Талды өзенінің бойында Қоянды деген жерде айырбас сауда орталығы ретінде ашылған. 1848 жылы мамыр айында Ялуторск (Түмен облысындағы Тобыл өзенінің сол жағалауында орналасқан қалашық) көпесі В.Ботов өндіріс тауарларымен сауда жасау мақсатында Қызылжарға мал айдап апара жатқан саудагерлерді Талды бойындағы Қояндының Тоқпақ тауларының етегінде күтіп алады. Сол жерде өз тауарларын қымбат бағамен айырбастап, мал мен одан алынатын өнімдерді Қызылжарға, Ресей қалаларына жеткізіп, пайда табады. Мұндай оңай олжа бірте-бірте басқа да көпестердің назарын аударады. Алғашқыда аумағы 2 шаршы шақырым ғана болса, кейіннен ұзындығы 11 шақырым, ені 5 шақырымдай жерді алып, бүкіл Талды даласы сауда алаңына айналып кетеді.

Айбын • 07 Қыркүйек, 2023

«Ақ жол, біз сендерге сенеміз!..»

Міне, күздің алғашқы айы да басталды. Бұл бір жағынан қоңыр күздің ғана емес, елімізде жастарды әскерге шақыру науқанының да басталғанын білдіреді. Осының нақты айғағы - бүгін Алматы қаласындағы ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебінің алды қара-құрым жұртшылыққа толып кетті. Жиналғандар ҰҚК Шекара қызметінің сапына алынған ұлдарын әскерге шығарып салып жатыр.

Саясат • 07 Қыркүйек, 2023

Шэньси провинциясы басшылығымен кездесті

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қытай­дың Шэньси провинциясы парт­ко­мы­ның хатшысы Чжао Идэмен кездесті.