Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23534 материал табылды

Пікір • 07 Қыркүйек, 2023

Агроөнеркәсіп өлшемі – өңделген өнім

Түркістан облысы тұрғындарының басым бөлігі, нақты айтқанда, 80 пайызы немесе 1,6 миллионға жуығы ауылда тұрады. Яғни миллионнан астам ауыл тұрғынының экономикалық әлеуеті ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты.

Пікір • 07 Қыркүйек, 2023

Экономикалық саясаттың жаңа моделі

Мемлекет басшысының Жолдауы ел дамуының басым бағыттары мен алдағы мақсат-міндеттерді айқындап беруімен маңызды. Бұл жолы Мемлекет басшысы еліміздегі экономикалық саясаттың жаңа моделін қалыптастыруға басымдық берді.

Пікір • 07 Қыркүйек, 2023

Әлеуметтік демократияның көтерер жүгі ауыр­

Дәл бүгін бізге қоғам мен билік арасындағы пәтуа, келісім мен үйлесім, өзара сенім мен сыйластық керек. Әр адам өз орнын білгені шарт. Бұл туралы Конфуций: «Әр адам өз ісін атқара білсін. Билеуші ел билесін, жұмысшы еңбек етсін, әке – әке, бала – бала орнында болсын. Тұрмыстың осы қарапайым қағидасы бұзылса, мемлекет іштен іриді. Өмірдің сиқы қашады, сыйластық жойылады, ел ішін алауыздық пен өтірік-өсек жайлайды. Үлкен өрт кішкене шақпақ тастан шыққан ұшқыннан басталады», дейді. Орынды, айтылған сөз.

Инфографика • 07 Қыркүйек, 2023

Су шаруашылығындағы дағдарыс – саланы басқарудағы олқылықтан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қамтылған өзекті мәселенің бірі – еліміздегі су шаруашылығын дамыту. Президенттің пайымынша, аталған олқылықтың орнын толтыру үшін өте батыл және шұғыл шаралар қабылдануы қажет.

Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2023

Көсегенің Көкжоны

Қазыналы қарт Қаратаудың бойында керіле созылып Көсегенің Көкжоны жатыр. Ол Қаратауды теріскей мен күнгейге бөліп жатқан қыраттың бөктерінде етек жайған, түгін тартсаң, майы шығатын шұрайлы, қызылды-жасылды кілем тектес көк шалғыны аяққа оралатын әдемі, зер салып қараған адамның көзі тоятындай сұлу өңір.

Пікір • 06 Қыркүйек, 2023

Нақты мерзімдер қойылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жолдаған биылғы Жолдауында нақты тапсырмалар мен міндеттер көрсетіліп, орындалуына қысқамерзім белгіленді.

Таным • 06 Қыркүйек, 2023

Мағжан «Педагогикасы» әлемдік құндылыққа теңелген

ХХ ғасыр басында Алаш қайрат­керлері ел мүддесі мен келешегі жолында топтасып, ұлт-азаттық қозғалысты ілгерілетіп, саяси партия, мемлекеттік құ­рылым ретінде автономия құру­дың негізін қалады. Зиялылар ұлт бірлігін, жер тұтастығын ойлап, қазақ халқын өркениетті елдер қатарына қосудың ағартушылық және іскерлік соқпағын іздеумен болды.

Пікір • 06 Қыркүйек, 2023

Ескі сүрлеуден шығу парыз

Президент экономикадағы өңдеуші саланы дамыту жөнінде келелі бастама көтерді. Қарап отырсаңыз, ел экономикасы – кеңес өкіметі жасап берген жобамен келе жатыр. Яғни арнайы тек шикізат өндіретін экономика ретінде құрылған. Қай саланы қарасаң да біз осыны көреміз. Бұл экономика жобасы кеңес заманында қалыптасты, одан кейін тәуелсіздік жылдары да бұдан көп айни қойған жоқпыз.

Мәдениет • 06 Қыркүйек, 2023

Көшпелі өркениет көріністері

Көшпелілер мәдениеті жайлы тек кітаптан оқып, түрлі тарихи фильм­дер арқылы көріп-білдік десеңіз, қатты қателесесіз. Еңселі қорған мен қала қақпасы. Саудасы қызған базар. Айнала тігілген алты қанат ақ орда. Жұртшылыққа өнерін паш еткен сал-серілер. Керек десеңіз, бір ойлап қарағанда, садақ атып, батпан қылыш көтерген алып батырлар да, көкпар тартып, теңге ілген, асауға құрық салып, ат жарыстырған шабандоздарды да бір жерден көру мүмкін деп ойламассыз. Мұның бәрі Ұлыстың ұлы күні – Наурызды көз алдыңа келтіретін көрініс емес, шындығында. Ал Алматы халқы үшін өткенді аңсаудан туған қияли әңгімеге еш ұқсамайды. Керісінше, түркі мәдениетінің жаңа заман беталысына қарай жаңғыруына куә болғандаймыз.

Пікір • 06 Қыркүйек, 2023

Айқындалған бағыт

Жолдаудың негізгі мақсаты еліміздегі жағымды саяси жаңғыруларды енді экономикалық өзгерістермен ұластыру деп ойлаймын. Ал экономиканың дамуы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартатыны сөзсіз.