Зерде • 30 Қараша, 2023
Алдымен кеңестік уезд, губерния орталығы, содан кейін облыс орталығы болған Шымкент қаласы бір кездері Оңтүстік өлкенің жазалау орталығына да айналған. Бұл жер өлкедегі кеңес өкіметіне қарсылық көрсеткендердің барлығын айыптау, тергеу, тергеусіз соттау мен ату орталығы болды. Оған куә – қазіргі кезеңде жыл сайын 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні тағзым ету орнына айналған қаламыздың «Нұрсат» шағынауданының батыс жағын ала орналасқан, кезінде «Албастысай» деп аталған жер – жазықсыз жапа шеккен 2 мыңнан астам отандасымыздың бауырластар зираты.
Әдебиет • 30 Қараша, 2023
Қазіргі қазақ жырының ақсақалы, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Сейфолла Оспанов сексен бес жасқа толды. Жаратқанның жақсылығы болар, ақын ағамыз осынау мазмұнды ғұмырының алпыс бес жылын қазақтың қасиетті өнері – өлеңге арнады. Сыр бойының түлегі болғасын, оның ақын болмауға қақы жоқ сияқты болып көрінеді. Сыр сүлейлерінің сан алуан көшінде, әр кезеңнің белестерінде ұлтына ұлық сөзін ұзатқан, тереңнен тауып терме өрген, тамырдан тартып шерленген, тұрлаулы сөзді өңгерген, тыңдарманға дем берген, тарихтың тарауын таңдайға құйып меңгерген, таланттардың көзін көріп, қолдарына су құйған, батасын алып, пұл жиған, көкірегіне құйылған таң нұрындай таза сөзді жүрегіне жазып ержеткен Сейфолла ағамыз алғашқы өлең сапарында адамгершілік пен адалдықтың ақ туын сол алдыңғы аға ұрпақтың көңіл қайнарынан құйылып жеткен ұлағаттан тауып, өмір бойы осы ұстанымнан айнымай келеді. Сондықтан да ақын өлеңнің өрісіне түскенде «Жыр – ана» деген имани кодекске қол қойып, сертсөздің сілтемесін тұғыр етіп ұстайды.
Елорда • 30 Қараша, 2023
Астанада дарынды балалардың әлеуетін дамытуда қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
Елордада мектепке дейінгі жастан бастап жалпы білім беретін мектептердің бітіруші сынып оқушыларына дейін жас дарындардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамытуға бағытталған балалармен жұмыс жүйесі жолға қойылған. Аталған жұмыстың қалай жүргізіліп жатқаны туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржангүл Қайырбаева айтып бергенін қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.
Үкімет • 30 Қараша, 2023
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде орын алған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.
Елорда • 30 Қараша, 2023
Жаңа жылу қуаты іске қосылды: Астананы жылыту жұмысы қалай жүріп жатыр?
Астананы жылумен қамтамасыз ету жұмысы туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 30 Қараша, 2023
Қазақстанның Педагогикалық шеберлік орталығы WALS эстафетасын қабылдады
World Association of Lesson Studies президенті Кэтрин Льюис пен Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Кабдыкаримова WALS 2024 халықаралық конференциясын Қазақстанда өткізу туралы келісімшартқа қол қойды.
Елорда • 30 Қараша, 2023
Астанада «Хас шебер» фестивалі өтеді
Астана қаласы тұрғындары үшін желтоқсанның 17-19 күндері аралығында «Хас шебер» фестивалі ұйымдастырылады. Елорда әкімдігі бұл туралы ресми сайтында хабарлады.
Жастар • 30 Қараша, 2023
Зерттеу нәтижесі: Биылғы жастар портреті қалай шықты?
Еліміздің әрбір үшінші тұрғыны жастар санатына жатады. Олардың сұранысы мен қажеттілігі жалпы қоғамның жағдайын тікелей көрсете алады. Сондықтан зерттеу жүргізіп, жастардың пікірін талдап отыру аса маңызды.
Үкімет • 30 Қараша, 2023
Жаңа электр желілері іске қосылды
Атырау облысында Қазақстанның Батыс аймағының электр желілерін нығайту мақсатында салынған жаңа электр желілері іске қосылды. Ресми қосу рәсіміне телекөпір арқылы Премьер-министрі Әлихан Смайылов қатысты.
Шаруашылық • 30 Қараша, 2023
Кейінгі он бір жылдың бедерінде мал азығын дайындаудың қиямет-қайымға айналып, шаруа қожалықтары мен тұрғындардың баяғыдан бері қажетінше шөп шауып алып жүрген шабындықтарының көзден бұл бұл ұшуы асқынған мәселе болып отыр. Осы өзекті мәселе жөнінде туған ауылым Қызбел тұрғындарының қынжылысын, талап-тілегін Үкімет назарына жеткізу мақсатымен қолыма амалсыздан қалам алдым.