
Қоғам • 29 Мамыр, 2025
«Самұрық-Қазына» жұмысшы мамандардың білімі мен біліктілігіне инвестиция салып жатыр
Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде «Самұрық-Қазына» қоры жылдар бойы еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге айрықша назар аударып келеді. Өйткені ел экономикасының жүрегі – жер қойнауын игеріп, шахтада, зауытта тынымсыз еңбек етіп, күнделікті тіршіліктің діңгегіне айналған осы сала өкілдерінің қолында.
Саясат • 29 Мамыр, 2025
Экономикалық ынтымақтастық нығаяды
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапармен келген Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының Президенті Анке Релингермен кездесу өткізді.
Тұлға • 29 Мамыр, 2025
Күрделі кезеңнің көшбасшы қайраткері
1929–1931 жылдары Мәскеудегі екі жылдық марксизм-ленинизм курсында оқып, сәтті аяқтаған Нығмет Нұрмақов 1931 жылы 13 наурызда Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті Президиумының қаулысымен БОАК Президиумының мүшелігіне сайланып, Ұлттар бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды және БОАК Президиумы хатшысының орынбасары болып бекітілді. БОАК Президиумының хатшысы А.Киселевтің берген мінездемесінде былай деп көрсетілді: «Нұрмақов жолдас Қазақстанның Халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы болған, жақында марксизм курсын бітірді, өте жігерлі, іскер қызметкер». Осыған қарап Н.Нұрмақовты Мәскеуде қызметке қалдыру туралы КСРО басшысы Сталин мен БОАК Президиумының төрағасы М.Калининнің арасында келісілген деуге болады. Әрине, мұндай шешімге Н.Нұрмақовтың 1922–1929 жылдары Қазақстан басшылығындағы қызметі мен тәжірибесі, іскерлік сапарлары негіз болғаны анық. Осылайша, оның мемлекеттік қызметінің мәскеулік кезеңі басталды.
Заң мен Тәртіп • 29 Мамыр, 2025
Сананы жаңғыртпай, жемқорлық жойылмайды
Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуын тежеп, қоғамның әлеуметтік, экономикалық және рухани іргесін шайқалтатын қауіпті құбылыс. Сондықтан елімізде бұл мәселеге қарсы жүйелі түрде күрес жүргізіліп келеді. Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралар тек құқық бұзушылықтарды анықтаумен шектелмей, оның алдын алуға, түп-тамырымен жоюға бағытталған.
Жастар • 29 Мамыр, 2025
Медиа-мектептің төртінші түлектері
2021 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын медиамектептің төртінші кезеңі өз мәресіне жетті. Жобаның аяқталуына орай салтанатты рәсім өтіп, қатысушыларға сертификаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
Саясат • 28 Мамыр, 2025
Беделді ұйыммен жүйелі әріптестік
Премьер-министр Олжас Бектенов Астана халықаралық форумына қатысу үшін Қазақстанға келген БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) бас директоры Цюй Дунъюймен кездесті.
Әлем • 28 Мамыр, 2025
Димаш Құдайберген Алматыда тыңдармандарымен жүздесті
26 мамыр күні Алматыда әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің «D and Dears» атты жанкүйерлермен кездесу кеші өтті. Шараға түрлі елдерден мыңдаған тыңдарман қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Таным • 28 Мамыр, 2025
Жазғы демалыс және балалар қауіпсіздігі
Жаз айлары – балалық шақтың ең жарқын, қуанышты кезеңі. Күннің жылы сәулесі, таза ауа, суға шомылу мен табиғат аясында өткізілетін уақыт балалардың денсаулығын жақсартып, көңіл-күйін көтереді. Дегенмен, бұл кезеңде қауіпсіздік мәселесіне аса мән беру қажет. Қайғылы оқиғалар, өкінішке қарай, дәл осы уақытта орын алып жатады. Бүгін біз жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі ережелеріне тоқталамыз.
Экономика • 28 Мамыр, 2025
ЖСДП моноқалалардың мәселесін көтерді
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының депутаттары Премьер-министр Олжас Бектеновке ресми сауал жолдап, моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін жүйелі және нақты шаралар қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 28 Мамыр, 2025
Қазақстанда Ұлттық қару-жарақ музейін ашу керек - депутат
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ермұрат Бапи Премьер-Министр Олжас Бектенов пен Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа депутаттық сауал жолдап, Қазақстанда Ұлттық қару-жарақ музейін ашуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.