Саясат • Бүгін, 08:07

Жарты миллионнан астам адам жұмыспен қамтылады

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, Парламент депутаттары, орталық, жергілікті мемлекеттік органдар өкілдері, министрлікке қарасты ұйымдар, әлеуметтік серіктестер қатысты.

Жарты миллионнан астам адам жұмыспен қамтылады

Сурет: ernur.kz

Премьер-министрдің орынбасары Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Азаматтардың жағдайы мен елдің тұрақты дамуы жаңа Конституция жобасының негізгі өзегіне айналғаны айтылды.

Отырыста мәлім етілген басты мәселенің бірі халықты жұмыс­пен қамту жайы болды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елде 2,9 млн сапалы жұмыс орны сақталды. 2026 жылы өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында 547,7 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.

Жиында жұмыс орнындағы адам қауіпсіздігі мен қорғалуы да қаралды. «Цифрландыру жағ­дайында ыңғайлы әрі түсінікті ком­му­никация құралдарын енгізу маңыз­ды», деп атап өтті А.Балаева.

Сонымен қатар тараптардың кепілдіктерін, құқықтары мен міндеттерін айқындайтын еңбек шартын әзірлеу тапсырылды. Ми­нистрліктің басым міндеттерінің бірі – мүгедек жандарды кешенді әлеуметтік қорғау. Оларды жұмыс­пен қамту тәсілдерін жетілдіру, техникалық қажет құралдарымен қамтамасыз ету, инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін арттыру мәселелері өзекті екені айтылды. Сондай-ақ мүгедектігі бар балаларды дамыту мен әлеуметтендіруге ерекше назар аударылды.

Мүгедектікті тағайындау рә­сімінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Премьер-министр­дің орынбасары Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйе­лерін біріктіруді тапсырды. Мем­лекет басшысы жариялаған «Цифр­ландыру және жасанды интеллект жылы» аясында министрлік алдында әлеуметтік-еңбек саласын технологиялық тұрғыда жаңғырту жөнінде ауқымды міндет тұрғаны сөз етілді.

Отырыста министр Асқарбек Ертаев баяндама жасап, сала жұмы­сының нәтижелерін қоры­тындылап, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді белгіледі.

Соңғы жаңалықтар