Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24163 материал табылды

Пікір • 19 Ақпан, 2024

Бақуатты мемлекет

Қатар-қатар бой түзеген зәулім ғимарат­тар­ды көргенде Қатар мемлекетін, сірә бір жердегі жұмақ мекен бе деп қаларыңыз анық. Расында, осы бір «жасанды жұмақта» былтырдың өзінде екі рет болған екенмін...

Қоғам • 19 Ақпан, 2024

Корей еліне сапар: Қос мемлекеттің Ұлттық кітапханасының әріптестігі

Жаһандану және барлық саланы цифрландыру кезеңінде халық­ара­лық тәжірибемен және ресурстармен алмасудың маңызы мол. Шетелдегі әріптестерімен достық қарым-қатынас орнату елі­міздегі кітапханалар үшін де пайдалы. Ынтымақтастықтың бұл форматы біздің кітапханаларға әлемдік даму үрдісін еске­руге, өз қызметін, жетіс­тіктері мен мәселелерін өзге кітап­хана­лар­мен салыстыра отырып бағалауға көмек­те­седі. Кітапхана қыз­меткерлері білім мен тәжірибе аясын кеңейтуге, кәсіби дең­гей­­лерін арттыруға, жаңа тұжырымдамаларды әзірлеуге қаты­су­ға мүмкіндік алады.

Тарих • 19 Ақпан, 2024

Ақын Нұрсұлтан мен жазушы Мұхаметжан

90 жылдық тарихы бар Қарасай аудандық газетінде осы мерзімде жүздеген адам жұмыс істеп, уақыт талабына сай оқырман қауымды аумақтың бүкіл тыныс-тіршілігінен хабардар етті, жақсы істерді жалпақ жұртқа жариялап отырды. Жаңалықтың жаршысы, кемшіліктің бетін ашушы болды. Бірқатар тілші кейіннен қаламы жүйрік журналист, атақты ақын-жазушы атан­ды. Кезінде редакцияны Үсенбай Тастанбеков, Шекербек Сады­қанұлы, Өтесін Құбиев сияқты білікті редакторлар басқарды.

Қоғам • 19 Ақпан, 2024

Өрен жүйрік еді...

Арқада ақпанның ақтүтегі азынап тұрған осы күндерде Көкше жерінен жеткен суық хабар арқаға аяздай батты – айтулы аудармашы, қо­ғам қай­­раткері, Қазақстан Жа­зу­шы­лар одағының мүшесі Ғос­ман Төлеғұл жасы жетпістің төртеуінен жаңа аса бергенде өмірден өтіпті.

Спорт • 19 Ақпан, 2024

Этноспорт конфедерациясының ресми мүшесі болдық

Түркияның Анталья шаһарында Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы ұйымдастырған VI Этноспорт форумы барысында Ұлттық спорт қауым­дасты­ғының президенті Исламбек Салжанов этноспортты халықаралық стандарт­тарға сай дамыту тәсілдерін жүйелеуге қатысты бірқатар ұсыныс айтты.

Қоғам • 19 Ақпан, 2024

Ескі көліктердің «тынысы» тарылады

Елімізде ескі көліктер жіті тексеріледі. Тексеру кезінде газоанализатор, тахометр және басқа да құралдардың көмегімен көліктердің шығарынды газдары өлшенеді. Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осындай заң жобасын әзірледі.

Шаруашылық • 19 Ақпан, 2024

Ғарыштық суреттер арқылы егістікті бақылау: отандық фермерлер заманауи технологияны пайдалана ма?

Agritech саласы (агротехнология) Қазақстанда 2020 жылдан бастап кеңінен тарала бастады. Бүгінде Қазақстан фермерлеріне ауыл шаруашылығы алқаптарының жай-күйі туралы ақпаратты қосымшадан автоматты түрде алып отыру мүмкіндігі бар. Egistic фермерлер қолданбасының негізін қалаушы Жандос Керімқұлов технология егістіктердегі проблемаларды шеше ала ма және фермерлерге қай жағынан пайда береді деген сұрақтарға жауап берді.   

Ән • 19 Ақпан, 2024

Рахат-Би Әбдісағин операсының премерасы Ұлыбританияда аншлагпен өтті

«Қазақ Моцарты» Рахат-Би Әбдісағин Шотландияның ең атақты патшаларының бірі 750 жылдығына орай опера жазды. 17 ақпанда Глазго соборында «Болашақ» бағдарламасының докторанты, дарынды композитор-пианист Рахат-Би Әбдісағин жазған «Брюс» операсының әлемдік премьерасы өтті. Қойылымда Шотландия Корольдік консерваториясының солистері, хоры және дирижерлер өнер көрсетті. Опера Глазго университетінің Шотландия әдебиетінің профессоры, ақын Алан Риачтың жанды дауыста оқуымен Рахат-Би өзі орындаған он минуттық орган увертюрасымен ашылды.

Ғылым • 19 Ақпан, 2024

ЕҰУ ғалымдары экологиялық мониторинг үшін «электронды мұрын» жасап жатыр

Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары «Сколково» зерттеушілерімен бірлесіп жасанды интеллект негізінде «электронды  мұрын» жасап жатыр. Көп функциялы құрылғыны экологиялық жағдайды бақылаудан бастап, өнімнің сапасын анықтауға немесе адам денсаулығын бақылау тәрізді әртүрлі салаларда  қолдануға болады. Ғалымдар «электронды мұрын» желісін құруды және қаладағы қоршаған ортаны бақылау жүйесінің прототипін құрастыруды жоспарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан • 19 Ақпан, 2024

«New York Fashion Week-2024» халықаралық сән көрсетілімінде Әнұранымыз шырқалды

Нью-Йорк қаласындағы «Leman Ballroom» залында  «New York Fashion Week-2024» халықаралық сән көрсетілімінің 16-маусымының ашылуында Қазақстан дизайнерінің ұлттық сән үлгілері ұсынылып, қазақ әншісі өнер көрсетті.