
Президент • 08 Наурыз, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
Қымбатты ханымдар! Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Экспорт • 07 Наурыз, 2025
Жаңаарқа ауданындағы «Uly Dala Co» ЖШС қой етін экспортқа шығара бастады. Серіктестіктің ет өңдейтін комбинатынан жақында Қатар еліне 2,5 тонна қой еті экспортқа жіберілді.
Үкімет • 07 Наурыз, 2025
Инвестициялық ахуалды жақсарту – басым бағыт
Мемлекет басшысының еліміздің экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты күшейту туралы тапсырмасын орындау шеңберінде Үкімет қалыптасқан мәселелерді жедел шешу және инвестициялық жобаларды уақтылы іске қосу үшін бизнес өкілдерімен өзара іс-қимылды нығайтты.
Тұлға • 07 Наурыз, 2025
«О, өлең! Табады дертімнің ол емін...»
Биыл біртуар ақын Тоқаш Бердияровтың туғанына – 100 жыл! Жеңіске 80 жыл екен. Мұны айтып отырған себебім, Тоқаң соғысқа қатысқан майдангер ақын. Соғыстан кейін сүңгуір қайықта теңізші болған. Кейбір тұлғалардың трагедиясы сол, соңында іздеушісі болмаса, сол бойы ұмытылады. Ел үшін істеген есіл еңбегі еленбей, ескерілмей жата береді. Әгәрәки, тарихтың тегершігі кері айналып, адасқан әр шындық өз орнын әділеттілікпен табар болса, ол жерде ең алдымен тұғырынан байқаусызда жылжып кеткен тұлғалар табысар еді. Қазақ әдебиеті тарихында өшпестей аты қалған, таланты «тоналған», даңқы «ұрланған» арқалы ақын Тоқаш Бердияров тап осындай тұлғалардың қатарынан екені анық.
Өндіріс • 07 Наурыз, 2025
Аудандағы сүт өндіретін компания
Алматы облысының Қарасай ауданында шағын және орта бизнес орындарынан бөлек 18 ірі өндіріс ошағы мен 7 бірдей жүйе құраушы кәсіпорын орналасқан. Соның бірі – Іргелі ауылдық округі аумағында тұтынушыларды табиғи әрі құнарлы тағамдарымен қамтамасыз етіп отырған «Tengri milk» ЖШС. Сауда-өндірістік компаниясы бір жағынан еліміздегі ешкі өсіруге арналған ірі асыл тұқымды шаруашылық болса, екінші жағынан сүттің екі түрін, яғни ешкі мен сиыр сүтін өңдейтін ірі кәсіпорын саналады.
Аңдатпа • 07 Наурыз, 2025
9 наурыз - «Гауһартас» Музыкалық жас көрермен театрында Д.Исабековтің «Гауһартас» драмасы ұсынылады. Режиссері – А.Маемиров.
Үкімет • 06 Наурыз, 2025
Бөгеттер нығайтылып, өзен арналары тазартылады
Қанат Бозымбаев Ақмола облысында болды. Вице-премьер аймақ басшысы Марат Ахметжановпен бірге Астрахан және Атбасар аудандарының, сондай-ақ Атбасар қаласының су тасқынына дайындығын тексерді. Елді мекендер тексерілді, қорғаныс гидротехникалық құрылыстары қаралды.
Жоба • 06 Наурыз, 2025
«Amanat» партиясының Орталық аппаратында азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мен киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Цифрлық қоғам» ауқымды жобасы таныстырылды.
Басылым • 06 Наурыз, 2025
Алаштың қасиеті қатталған жинақ
Алатаудың етегіндегі саяжайымызда жазушы-ғалымдар Рымғали Нұрғалиев, Сағи Жиенбаев, Танаш Дәуренбековтермен өткен ғасырдың сексенінші жылдары ұзақ уақыт құдайы көрші болдық. Демалыс күндері көбіне түстігіміз бір үйде, кештігіміз бір үйде өтетін. Бесінші көршіміз көзі шарасынан шығып кете жаздап тұратын бүкір шалды да көбіне асқа шақырып алатынбыз. Не отбасына, не ағайындарына қадірі жоқ пенде еді. Баласы аптасына бір келіп, азық-түліктің ырымын әкелетін.
Құрылтай • 05 Наурыз, 2025
Ұлтты ұйыстырудың жарқын үлгісі
Мемлекет басшысы ұлт бірлігін нығайтуда, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде, халықаралық аренадағы беделін арттыруда дәстүр мен жасампаздықты тең ұстауды жиі айтады. Бұл ретте азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік әділеттің салтанат құруына, жастардың болашағына инвестиция салуға, ғылым мен білім саласының жаңашылдығына айрықша көңіл бөлініп отыр.