Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23695 материал табылды

Әлем • 12 Маусым, 2025

Ресейге кіру ережелері өзгерді

2025 жылдың 30 маусымынан бастап қазақстандықтар Ресейге сапар шегу үшін жаңа талаптарға сай биометриялық тіркеуден өтуге міндетті. Авиакомпаниялар жолаушыларды әуежайға ертерек келуге шақырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заң • 12 Маусым, 2025

Шымкентте қонақ үй күзетшісі клиентті соққыға жыққан

Шымкентте 23 жастағы күзетші мас клиентті соққыға жыққаны үшін екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Бұл туралы қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 12 Маусым, 2025

Петропавлдан Шарм-эль-Шейхке тікелей әуе қатынасы ашылады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Қызылжар халықаралық әуежайы» ЖШС-ның жаңа директоры Октем Мұстафа Йылтанмен жүздесіп, әуежайдың даму перспективалары, инфрақұрылымды жақсарту және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.

Әлем • 12 Маусым, 2025

Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Air India әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Үндістандағы Ахмедабад әуежайынан көтеріле салысымен апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Таза Қазақстан» • 12 Маусым, 2025

Маңғыстауда биыл 31 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Өңірде қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту үшін «Жасыл Даму» АҚ арқылы екі инвестициялық жоба қолға алынған. Көгалдандыру бағытында 31 568 түп ағаш отырғызу жоспарланып, оның 45%-ы орындалған, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға • 12 Маусым, 2025

Ақтөбеде Әлия Молдағұлованы еске алу рәсімі өтті

Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай Ақтөбе қаласында мемориалдық кешенге гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Технология • 12 Маусым, 2025

Қазақстанда Starlink спутниктік интернеті іске қосылады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен SpaceX компаниясының құрылымы Starlink-пен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім Starlink компаниясының еліміздегі заңнамалық талаптарын сақтай отырып, ел аумағында спутниктік интернет қызметтерін ұсынуын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Университет • 12 Маусым, 2025

Сапалы білім – сенімді болашақтың кепілі

Бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу кез келген елдің күн тәртібінен түспейтін міндет. Өйткені дана халқымыз  өткен ғасырдың өзінде-ақ: «Бір жылдығын ойлаған ел – егін егеді, жүз жылдығын ойлаған – ағаш отырғызады, ал мың жылдығын ойлаған – білімді ұрпақ тәрбиелейді», деп ұрпақ тәрбиесінің қаншалықты жауапты екенін айқындап берген. Ал бүгінгі біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр – технологиялар ғасыры. Сонымен бірге  адами капиталдың құндылығы артып, интеллектуалдық даму бірінші орынға шықты. «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмелік», деп кешегі бабаларымыз өсиет еткендей бүгінгі қоғам білім мен ғылымның салтанат құрып, бәсекеге түскен уақыты. Мұндай заманда ұлттың өркендеуі ең алдымен білім беру жүйесінің сапасына тәуелді. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин өз заманының өзекті мәселесіне айналған білім мен ғылым жолын: «Өнер-білім бар жұрттар…» деген жыр жолдарымен-ақ болашақтың бағдары етіп көрсеткен болатын. Бұл ойлар бүгінгі күн үшін де аса өзекті.

Тарих • 12 Маусым, 2025

Алғашқы мұғалималар

Иә, шәкіртке сабақ беретін әйел затын бұрын «мұғалима» дейтін. Бұл Әлім – Әлима, Сәлім – Сәлима түріндегі араб тілі­нің заңдылығы (ер/әйел) екені түсінікті. 1841 жылы Бөкей орда­сында ашылған зайырлы бағыт­тағы тұңғыш мектептің мұғалім әйелдерін дәл қалай ата­ғанын ғалымдар зерттей жатар. Бірақ осы күні «үшітелді» (учитель) сол кездегі атымен емес, мұсылманша мектептің мұға­ліміндей атағандықтан, терминология шартты екенін бірден ескерте кетейік.

Руханият • 12 Маусым, 2025

Ұлық тарихшы – Ұлықбек

Елімізде соңғы жылдары Жошы ұлысына қатысты іргелі зерттеулердің жүргізіле бастағаны белгілі. Бұл орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ұлық ұлыс – Алтын Орданың 750 жылдығы мен Жошы ханның дербес билікке келіп, таққа шығуының 800 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өту – халқымыздың тарихи санасын жаңғыртып, мемлекеттік дәстүрді терең пайымдау үшін маңызды қадам болды. Осы тарихи белесте ортағасырлық дереккөздерді ғылыми айналымға енгізу жұмыстары да жүйелі жүзеге аса бастады. Соның бір айқын дәлелі – әйгілі ғұлама ғалым, Темір әулетінің билеушісі Мырза Ұлықбектің «Тарих-и арба улус» («Төрт ұлыстың тарихы») атты шығармасының қазақ тіліне аударылуы.