Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24362 материал табылды

Форум • 25 Қазан, 2025

Әлеуметтік сала мамандарының еңбегі бағаланды

Премьер-министр Олжас Бектенов Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған халықаралық форумға қатысып, кәсіби мереке қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан әлеуметтік-еңбек саласының өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыс етті.

Президент • 25 Қазан, 2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы

Қымбатты отандастар! Республика күні құтты болсын! Қазақстан осыдан 35 жыл бұрын Егемендік декларациясын қабылдап, жаңа дәуірге қадам басты. Тарихи құжатта халқымыздың өз болашағын дербес айқындау құқығы нақты көрініс тапты. Сол арқылы бостандықтың байрағын көтеріп, заманауи мемлекет құруымызға жол ашылды. 

Білім • 24 Қазан, 2025

Келешек мектептері үшін кадрлар қалай даярланып жатыр

«Келешек мектептері» – тұрғылықты жерінде, қолжетімді әр оқушыға сапалы білім беруді көздейтін білім ордалары. Олар гимназия немесе лицей емес, өзіндік оқу-тәрбие үдерісі бар баланың жан-жақты дамуына жағдай жасайтын мектептер. Ұлттық жоба аясында 460 мың орынға шақталған 217 мектеп ашылады деп жоспарланған. Қазір жоспардың 69 пайызы орындалды. Бұл дегеніміз – 151 білім мекемесі, деп жазады Egemen.kz.

Республика күні • 24 Қазан, 2025

Құқық үстемдігі – егемендіктің сара жолы

Мемлекеттік егемендік туралы декларация – аса маңызды елдік құжат. Дәлірек айтсақ, бүгінгі таңда әлемге танылған еліміздің тәуелсіздік негізі тап осы кезеңнен бастау алды. Декларация республикамыздың ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше айқындау, ресурстарға иелік ету, билік органдары мен заңнамалық жүйені қалыптастыру құқығын алғаш рет заңды түрде бекітіп берді.

Пікір • 24 Қазан, 2025

Қоғамның сенім орталығы болғаны жөн

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында Парламент тиімділігі мәселесі орынды көтерілді. Еліміз кейінгі 30 жылда XIII сайланған Жоғарғы Кеңестен қазіргі қос палаталы Парламентке дейінгі бел-белесті жүріп өтті.

Театр • 24 Қазан, 2025

Көрермен көңілін нұрға бөлеген театр

«Бұл үйге, әсіресе өзгеше көктем нұрын енгізген бір жан бар. Ол Сүйіндіктің қызы – Тоғжан... Сылдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері – баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты..».

Республика күні • 23 Қазан, 2025

Егемен болмай, ел болмас

Жақында Қазақ­стан Респуб­ли­касының Пре­зи­­­денттік орта­лығында Мемле­кет­тік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы­на және Респуб­лика күніне арналған «Егемен­дік жолы» атты көрме­нің ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатында сол ай­тулы оқиғаға куәгер адам­дардың бірі ретінде бізге де сөз берілді. Әрине, ондай рәсімде айтылар лебіз қысқа қайырылады. Біз де солай еттік. Сол іс-шарадан кейін ойға қалдық. Еліміз басты ұлттық мерекенің алдында тұр. Осы датаның мән-маңызы, қадір-қасиеті туралы көзкөрген ретінде біздің де айтарымыз бар емес пе? Көрмені ашу кезіндегі құттықтаудың аясына сыймаған жайларды неге қағазға түсірмеске?

Жансарай • 23 Қазан, 2025

Еркіндіктің елең-алаңындағы құжат

Өткен ғасырдың 90-жылдары жарты әлемге билігін жүргізген КСРО-ның көбесі сөгіліп, қуаты кеміп, қайраты қайтқаны күн өткен сайын біліне бастап еді. Керегесі қисайып, шаңырағы шайқала бастаған одақтан алғаш болып Балтық елдері ат құйрығын кесісіп шықты. Кезіндегі державаның дәрмені қалмағандықтан қалған одақтас республикалар да өз алдына ел болудың қамын жасай бастады. Алда не боларын болжап біл­месе де халықтың дені сол кездегі саяси үдерістерге аса елең­деулі еді. Осындай алмағайып кезеңде 1990 жылдың 25 қаза­нында «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны» қабылдадық. Осы тарихи оқиғаға қатысқанымды ел алдындағы қызметімнің үлкен бір белесі сезінемін.

Білім • 23 Қазан, 2025

Барлық оқушыға қолжетімді жүйе

Елімізде инклюзивті саясат халықаралық конвенция талабына сәйкес дамып отыр. Бұл – мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі.

Аймақтар • 22 Қазан, 2025

Батылдық пен шеберлік сыналған сәт

Осы аптада Петропавл қаласында төтенше жағдайлар саласының мамандары өз кәсібіне деген адалдығы мен төзімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді. №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің базасында өткен газтүтіннен қорғаушылар арасындағы сайыс нағыз кәсіби шеберлердің бәсекесіне айналды.

Яндекс.Метрика