Тағзым • Бүгін, 08:35

Академик, ұстаз тағылымы

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биыл көрнекті ғалым, академик Күләш Құнантайқызының туғанына 95 жыл толып отыр. Осыған орай ардақты тұлғаның туған жері – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бозанбай орта мектебінде ғылыми-практикалық конфенция өтті.

Академик, ұстаз тағылымы

Күләш Құнантайқызы – қа­зақ әйелдерінің арасынан шық­қан алғашқы педагогика ғы­­­лым­да­­рының докторы. Ұлттық ғылым академиясының академигі. Бірқатар лауазымды қызмет атқарған. Қазақ КСР Жоғары және орта білім министрінің орынбасары болды. Әсіресе Құнантайқызының басқару қабілеті мен ұйымдас­ты­ру­шылық шеберлігі Қазақ қыз­дар педа­гогикалық институының ректоры болған жылдары жар­қы­рап көрінді. Еліміздегі бірегей білім ордасының  материалдық-техникалық базасын нығайтуға күш салды. Оның басшылығымен жаңа оқу корпусы бой көтеріп, студенттер жатақханасы салынды. Институт қызметкерлері­не көппәтерлі үй тұрғызылды. Қысқасы, қазақ қыздарының алаңсыз білім алуына толық жағдай жасады. Бір жағынан, ғалым басшылық қызметте жү­ріп, ғылымнан да қол үзбеді. Қан­шама шәкірт тәрбиеледі.  Ол кісі­нің жетекшілігімен 4 ғылым докторы мен 20-дан астам ғылым кандидаты даярланды.

Аталған ғылыми конферен­цияда айтулы академиктің ғы­лыми-педагогикалық мұра­сымен бірге заманауи білім жүйесінде тиімді оқыту әдістерін қолдануға бағыт беру мәселелері қозғалды. Сондай-ақ ғылым қайраткері­нің педагогикалық идеялары мен ғылыми тұжы­рым­дарының бүгінгі білім саласындағы маңы­зына да мән берілді. 

д

Конференцияға еліміздегі жетекші жоғары оқу орын­да­рының ғалымдары онлайн қа­тысты. Айталық, Абай атын­дағы Қазақ ұлттық педаго­ги­ка­лық университетінің профессоры Әмина Әмірова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Мәрияш Мұқашева,   Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Перизат Сейітқазы академиктің ғылыми еңбектері мен педагогика ғылымындағы орны туралы мазмұнды баян­да­ма жасады. Онда ғалым­­ның зерттеулері қазақ педаго­ги­ка­сының дамуы-на тың серпін бергені атап өтілді. Әсіресе академик Күләш Құнантайқызының мектеп ұйым­­дарының қалыптасуы мен тәр­­бие жүйесінің эволюциясы жөніндегі еңбектері бүгінге дейін құнды дереккөз екені айтылды. Жиын аясында «cross-training» алаңы ұйымдастырылды. Мұнда пән мұғалімдері заманауи оқыту әдістері мен цифрлық тех­но­ло­гияларды білім үдерісіне ен­гізу және оқушылардың шы­ғар­машылық қабілетін дамыту жол­дары жайында пікір алмасты. Бұл алаңда ұстаздар бір­лескен жобаларын ұсынып, инно­­вациялық педагогикалық тәсілдерді талқылады.

Күләш Құнантайқызының мерейтойына арналған іс-шаралар легі Ұлан ауданының өзге білім ордаларында да жалғасты.  Мәсе­лен, Сәрсен Аманжолов атын­дағы орта мектепте «Ұлан – ғалым­дар түлеткен киелі мекен» атты ардагер ұстаздармен кездесу өтті.  Оған ғалымның немере інісі Орал Құнафин қатысып, бірегей тұлғаның адами болмысы мен қайраткерлігі жайында әңгімеледі.

Сонымен бірге мазмұнды кешке жерлесіміз, Астана халық­аралық университетінің ректоры Анар Мырзағалиева, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Нұржамал Сманова, ғалымның жиені Сәуле Ыбыраева онлайн қатысып,  әсерлі естеліктерімен бөлісті.  Академик туралы арнайы көр­ме ұйымдастырылып, оған ұлағатты ұстазға қатысты құ­жаттар мен фотосуреттер қо­йылды.

 

Әлия ӘБІШЕВА,

Ұлан аудандық білім бөлімінің әдіскері

Шығыс Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

«Ғалия» кітапханасының мөрі

Жәдігер • Бүгін, 09:05

Көкше көшетімен көрікті

Талбесік • Бүгін, 08:55

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:52

Әбіштің қолтаңбасы

Мирас • Бүгін, 08:50

Өмірзақтың өнегелі жолы

Руханият • Бүгін, 08:48

Су сүзгілері өндіріледі

Ғылым • Бүгін, 08:45

«Дәридайлап» жыр төккен

Руханият • Бүгін, 08:43

Ән-аманат

Тұлға • Бүгін, 08:40

Жоғалып табылған сурет

Жәдігер • Бүгін, 08:38

Академик, ұстаз тағылымы

Тағзым • Бүгін, 08:35