
Қоғам • 17 Маусым, 2024
95 медициналық нысан пайдалануға берілді
Үкіметте «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының жүзеге асу барысы талқыланды. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңеске мүдделі орталық мемлекеттік орган өкілдерімен бірге, облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Тағзым • 17 Маусым, 2024
Зиялының алыбы, бекзаттың биігі, тектінің тұлпары, Алаш зиялылары мен ұлы әкесінің лайықты ізбасары Мұрат Мұхтарұлы Әуезов бақиға озды.
Жансарай • 17 Маусым, 2024
Мұрат Әуезов заманынан озып туған біртуар тұлға дер едім. Халықтың қамын тереңінен ойлап, жан-жүрегіне түйген бірден-бір заңғар есім. Ұлттың бүгінін ғана емес, кешегісі мен ертеңін ұштастыра, кеңінен толғана алатын мұндай үлкен жүрек иесін көрген жоқпын.
Жансарай • 17 Маусым, 2024
Мәңгілік Әуезовтер: Мұхтар, Мұрат...
Бұл есімдер – кейінгі қазақ әдебиеті мен тарихы аспанында найзағайдай жарқылдап, алтын әріппен жазылған есімдер. Ұлттың абыройы болып асқақтау, елдің намысы мен байрағы болып желбіреу, әр күн сайын ақиқатты ту етіп тірлік кешу бұлардың бүкіл саналы ғұмырының бұлжымас заңына айналды.
Мереке • 16 Маусым, 2024
Бас мүфти құрбан айт мейрамымен құттықтады
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан халқын құрбан айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 15 Маусым, 2024
Алтын Орда тарихының соңғы кезеңі
Ұлттық сананы нығайту мен бірегейлікті қалыптастыруда тарихтың атқарар рөлі мен маңызына қазақ елінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ ерекше мән беріле бастады. 90-жылдардың соңында бір жыл ұлттық тарихқа арналса, 2000-жылдардың басында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұлттық тарихтың шетелдегі деректері әкелінді. Одан кейін мемлекеттік тарихымыздың биік көрінісі – Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі 2015 жылы тойланды. Ал биыл елімізде Жошы Ұлысының 800 жылдығы кеңінен аталып жатыр.
Дін • 15 Маусым, 2024
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән! Оның Пайғамбары Мұхаммедке салауаттар мен сәлемдер болсын!
Пікір • 15 Маусым, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен туризмді дамыту жөніндегі кеңесте ең өзекті мәселелер сөз болды. Аталған жиында айтылған Президенттің салаға деген ұстанымы және оны жетілдірудегі пікірлері біз үшін өте маңызды.
Үкімет • 15 Маусым, 2024
Инвестициялық серіктестіктің игілігі
Премьер-министр Олжас Бектенов Ресей, Беларусь, Кавказ, Орталық Азия елдеріндегі «PepsiСo» азық-түлік өнеркәсібі саласындағы ірі трансұлттық корпорациясының Президенті Давид Манзинимен кездесу өткізді.
Егемен Қазақстан • 14 Маусым, 2024
Мәлік туралы кино түсірілсе игі Мәлік Ғабдуллин – Кеңес Одағының батыры атағын алғаш болып алған тұлғаларымыздың бірі. Ал осы атақ мерзімінен өте кеш берілген қолбасшы Бауыржан Момышұлы замандасына: «Мәліктің ғалымдық, педагогикалық еңбегі өз алдына, ол кешегі қан майданда ел қорғаған ер, батыр... Ол – халық батыры. Мәлікті сыйлау ол үшін емес, кейінгі ұрпақ үшін керек», деп өзінің құрметін білдірген екен.