
Қазақстан • 11 Ақпан, 2020
Елорданың қоғамдық орындарында қылмыс саны 2 есеге азайды
Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық орындарында жасалған құқық бұзушылық саны 44,9 % - ға азайған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың Telegram-каналында жарияланды.
Қоғам • 11 Ақпан, 2020
Елордада Ұлы Жеңіс мерекесіне орай 70-ке жуық шара өтеді
Елордада Ұлы Жеңістің 75 жылдығына мерекелеуге орай дайындық жұмыстары талқыланды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 11 Ақпан, 2020
Қазақстандық жеңіл атлеттер халықаралық додаға қатысады
Қазақстандық жеңіл атлеттер 16 ақпан күні Түркияның Ыстанбұл қаласында өтетін Istanbul Indoor Cup 2020 European Athletics Indoor Permit Race додасына қатысады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Спорт • 11 Ақпан, 2020
Тайландта жағажай волейболынан Азия чемпионаты өтеді
12-16 ақпан күндері Тайландтағы Вессуван стадионында жағажай волейболынан Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Қазақстан • 11 Ақпан, 2020
Анар Жайылғанова Академиялық саяси зерттеулер институтының ректорымен кездесті
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Жапонияның Жоғары саяси зерттеулер мектебінің (GRIPS) ректоры Акихико Танакамен кездесті. Кездесу аясында Қазақстанның мемлекеттік қызметін дамыту саласындағы қолданыстағы жобаларды іске асырудың ағымдағы жағдайы және осы бағыттағы екі елдің академиялық ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 11 Ақпан, 2020
Дариға Назарбаева Дүниежүзілік банкпен бірлескен ынтымақтастықты талқылады
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Дүниежүзілік банкінің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Лилия Бурунчукті қабылдады. Аталған шараға Парламент Сенатының депутаттары, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 11 Ақпан, 2020
Елордада бірінші ауысымдағы мектеп оқушыларына сабақ болмайды
Бүгін елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 11 Ақпан, 2020
Қытайдан тағы 217 қазақстандық эвакуацияланды - Елжан Біртанов
Бүгін таңертең Бейжің қаласынан Қазақстанның 217 азаматы жеткізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында айтты.
Қоғам • 11 Ақпан, 2020
Қырғызстаннан 8 мыңға жуық азамат қайтарылды - Бердібек Сапарбаев
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Қордай ауданындағы оқиға туралы мәселе және оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясының атқарған жұмысы қаралды.
Қоғам • 11 Ақпан, 2020
Қазіргі таңда Қордай ауданында жағдай тұрақты - Бердібек Сапарбаев
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияның атқарған жұмыстарын баяндады.