
Абай • 12 Ақпан, 2020
Ұлы ағартушы, кемел ойшыл, жазба әдебиетін қалыптастырушы, әлемдік өркениетке ерекше құбылыс болып еніп, қазақ поэзиясының қасиеті мен құдіретін көрсеткен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын ұлықтау басталып та кетті.
Қоғам • 12 Ақпан, 2020
Сөз түзелді, жас буын, сен де түзел
Соңғы жылдары жас буынның жағдайына әлемдік қоғамдастық пен халықаралық ұйымдар да жіті назар аудара бастады. Бұл ретте, 2016 жылдың 15 шілдесі күні БҰҰ жариялаған «Дүниежүзі жастары туралы репортаж» деп аталатын сараптамалық құжаттың мәні ерекше. Онда бүкіл әлемдегі жастардың экономикалық-қаржылық жағдайының көңіл көншітпейтіні ғана емес, саяси істерге қатысуға деген белсенділігінің төмен екендігімен қатар, оның себеп-салдары да бірнеше мазмұн бойынша ашық баяндалған.
Руханият • 12 Ақпан, 2020
«Угай-ай» – жер жаннаты Жетісуға кең тараған кәусар әуезді әндердің бірегейі. Кезінде бұл ән Жамбылдың құштар сезімді үнімен ел жүрегіне аңыз боп тараған еді. Оны зерделі жандар: «Угай-ай» Жамбыл мен Нұрбек байдың қызы Сараның айтысынан бері қарай аян болған ән ғой?» деп дәйім таңғала, тамсана еске алып, әңгіме қылып отырған.
Үкімет • 12 Ақпан, 2020
Үнемдеген қаржы дәрігердің еңбекақысын арттырды
Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен 2018 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында қызмет ететін барлық медициналық мекеме цифрлы жүйеге көшкен болатын. 121 есепке алу және есеп беру формасының 100-ден аса түрі цифрландырылды. Нәтижесінде қағаз бен УДЗ пленкаларына қажеттілік жойылып, сәйкесінше бюджет шығындары қысқарды. Айталық, 2018 жылы – 226 млн теңге, 2019 жылы – 540,1 млн теңге үнемделді.
Қазақстан • 11 Ақпан, 2020
Тұңғыш Президенттің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
Кездесу барысында Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жағдай, биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мәселелері қаралды. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 11 Ақпан, 2020
Ералы Тоғжанов Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Өкімімен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 11 Ақпан, 2020
Офицерлердің біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырылды
Алматы қаласындағы Радиолектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында офицерлердің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырудың жоспарлы курстары ұйымдастырылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 11 Ақпан, 2020
Мәжілісте цифрлық технологияларды реттеуге қатысты заң жобасының таныстырылымы өтті
Бүгін Мәжілісте Вице-спикер В. Божконың қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының таныстырылымы өтті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 11 Ақпан, 2020
Мәжілісте нормашығармашылықты жетілдіруге қатысты түзетулер таныстырылды
Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзегрістер мен түзетулер енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 11 Ақпан, 2020
Д. Назарбаева: Азаматтарымызды отандық өніммен қамтамасыз етуіміз керек
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева парламенттік тыңдауға дайындық барысында мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орналастыру сұрақтары бойынша мемлекеттік орган өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.