
Парламент • 11 Ақпан, 2020
Сенаторларға мемлекеттік кірістер саласындағы өзгерістер таныстырылды
Парламент Сенаты жанындағы Қаржы және бюджет комитетінің мүшелері Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысымен танысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Экология • 11 Ақпан, 2020
Алматының ауасын қалай жақсартамыз?
Алматының атмосфералық ауасын жақсарту мəселесін шешу үшін Алматы ЖЭЦ-2-ні газға көшіру немесе сүзгі орнату ойластырылуда. Бұл туралы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
Технология • 11 Ақпан, 2020
Қазақстандықтардың жеке деректері қалай алынады?
Әрбір азаматты оның жеке деректерінің пайдаланылғаны туралы хабардар ету, цифрлық құжаттарды заңдастыру және азаматтарға биометрикалық деректердің көмегімен мемлекеттік қызметтерді алуға рұқсат ету. Осы және басқа да жаңашылдықтар цифрлық технологиялар мәселелерін реттейтін заң жобасында ұсынылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2020
Өткен жылы Елбасының бастамасымен елімізде Жастар жылы деп жарияланғаны белгілі. Осы жылдың аясында мемлекетімізде қомақты шаруа атқарылды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында жастардың жұмысқа орналасуына, өз қабілет-қарымдарын шыңдауға, тәжірибе алуға үлкен мүмкіндіктер жасалды.
Тағайындау • 11 Ақпан, 2020
Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смаиловтың бұйрығына сәйкес, Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары лауазымына Дәулет Ертайұлы Ақылбеков тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Парламент • 11 Ақпан, 2020
Әзербайжанда өткен парламенттік сайлауда әйел үміткерлердің үлесі жоғары
Түркітілдес елдері Парламенттік Ассамблеясы бақылаушыларының халықаралық миссиясы (ТүркПА) Әзербайжанда мерзімінен бұрын өткен парламенттік сайлау қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 11 Ақпан, 2020
Су тасқыны кезеңіне дайындық барысы талқыланды
Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдың басшылығымен «Басқару органдарының, Азаматтық қорғаныс Мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарының су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы» күн тәртібімен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі Ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 11 Ақпан, 2020
Мәжілісте су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері қаралды
Бүгін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде авариялық-құтқару қызметтерінің жұмысын реттеудің проблемалы мәселелері және көктем мезгілінде орын алатын тасқынның алдын-алуға арналған тақырыптық отырыс өтті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 11 Ақпан, 2020
Елордалық волонтер-заңгерлер азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетті
Бүгін «Біз - біргеміз» жобасы аясында елордалық волонтерлер «Шапағат» және «Әсем» сауда орталықтарында тұрғындарға тегін құқықтық кеңестер берді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Қоғам • 11 Ақпан, 2020
Елордада «телефоным ұрланды» деп жалған арыз берген бойжеткен жауап береді
Елорда тұрғыны ұялы телефонының жоғалып кеткенін айтып, полицияға негізсіз арыз жазған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.