Әлем • 16 Наурыз, 2020
COVID-19: Инфекцияға қарсы препарат жасауға мүмкіндік бар ма?
Соңғы үш айда бүкіл әлем Қытайдан шыққан COVID-19 деп аталатын коронавирустың жаңа түрінен туындаған адамзат үшін қауіпті инфекцияның пайда болуы және тез таралуы туралы жаңалықты кірпік қақпай бақылауда. Ал күн сайынғы келіп жатқан ақпараттар легі майдан даласынан жеткен хабарларды еске түсіреді: COVID-19 жұқтырған және қайтыс болған адамдардың саны ұдайы өсуде, вирустың таралу географиясы қазірдің өзінде 120-дан аса елді қамтып отыр, 2020 жылдың 12 наурызындағы жағдай бойынша Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының берген мәліметтерінде ауру жұқтырғандар саны 130 мыңнан асып, қайтыс болғандар саны 5 мыңның төңірегінде, алайда бұнымен тоқтамай бұл көрсеткіштер күн санап өсуде.
Қазақстан • 16 Наурыз, 2020
Аймақтық ынтымақтастық – ортақ табыс кепілі
Қазақстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған жаңа сыртқы саяси тұжырымдамасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Орталық Азия аймағында көпжақты диалог пен ынтымақтастықты қамтамасыз етудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Қоғам • 16 Наурыз, 2020
Елімізде коронавирус таралуының алдын алуға бағытталған шектеу шараларының енгізілуіне байланысты Nur Otan партиясының барлық қоғамдық қабылдауларында тұрғындарды жеке қабылдау уақытша тоқтатыла тұрады.
Руханият • 16 Наурыз, 2020
Тылсым табиғат құдіретіне табындырғысы келе ме, әлде жаратушыға жалындырғысы келе ме, әйтеуір, дүлей аптап құм жиегінде отырған елді табаға салған бидайдай қуырып күйдіріп барады. Сол жылғы алапат ыстық қара жерді де тілім-тілім етіп жарып жіберген. Жайық жақтан кешкі самал емес, өрт шарпығандай, бір түрлі күйік иісі шығатын тәрізді. Сұрқай тірлікке атойлап қым-қуыт қосылған орыс әлділері жер шұрайынан қазақтарды біртіндеп ығыстырып, әлдінің әлсізді басынуы, ажал құштырып тасынуы белең алған кезі-тін. Әумесер тобыр құдық суына бола, жер жағдайына бола, бас жарып, көз шығару ғана емес, қанды қырғындарды да салып әбден мезі еткен тұс. Әншейін жіпке тізіп, отбасында күңкілмен тынатын алакөздік емес, халықтың ертеңін зар қылатындай қасірет белгі берді. Үрей үдеді, өлім көбейді. Төбе-төбе молалардың қарасы ұлғайды.
Қазақстан • 16 Наурыз, 2020
Төтенше жағдай кезінде ел шекарасынан кімдер өте алады?
Сыртқы істер министрлігі төтенше жағдай енгізілген кезде ел шекарасынан кімдердің өтуіне шектеу қойылатындығын түсіндірді.
Коронавирус • 15 Наурыз, 2020
Вирус жұқтырғандардың бірі Halyk bank қызметкері болып шықты
Бұл туралы «Қазақстан Халық Банкінің» баспасөз қызметі хабарлады.
Өнер • 15 Наурыз, 2020
Димаш әлемдік турын кейінге қалдырды
Димаш Құдайберген Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт және Минск қалаларындағы концерттері болмайтынын хабарлады.
Коронавирус • 15 Наурыз, 2020
Қазақстанда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды (видео)
Жаңа 1 жағдай Алматы қаласында тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.
Коронавирус • 15 Наурыз, 2020
Вирус жұқтырған әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Алматы қалалық полиция департаменті вирус жұқтырған әйел санитарлық қызмет жұмысына кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.
Коронавирус • 15 Наурыз, 2020
Қытайда 100 жастағы қарт коронавирустан айыққан
Қытайда осыдан бір апта бұрын жүз жастағы егде кісі коронавирустан құлан-таза айығып, емханадан үйіне қайтқан. Бұл туралы Xinhua агенттігі хабарлады.