Спорт • 16 Наурыз, 2020
Қазақстан баскетбол федерациясы жарыс күнтізбесіне өзгеріс енгізді
Қазақстан баскетбол федерациясы ел біріншілігі мен бірқатар жарыстарды уақытша тоқтату туралы ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы Қазақстан баскетбол федерациясының баспасөз-қызметі хабарлады.
Қоғам • 16 Наурыз, 2020
Еңбек министрлігінің қоғамдық қабылдауы қашықтан жұмыс істейді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 2020 жылғы 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын коронавирустан қорғау мақсатында министрліктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысын және азаматтарды қабылдауды 2020 жылдың 16 наурызынан бастап уақытша тоқтатынын хабарлайды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 16 Наурыз, 2020
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 412 отбасы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды
2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыс күші көп өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге жалпы саны 1437 адам болатын 412 отбасы қоныс аударды, оның ішінде 744 адам еңбекке қабілетті жаста. Еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің ішінен 319 адам жаңа тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 16 Наурыз, 2020
Төтенше жағдай кезінде елордадағы нысандар қалай жұмыс істейді
Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Қаланың азаматтық қорғау қызметтері тәулік бойы күшейтілген қызмет атқару нұсқасына көшті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 16 Наурыз, 2020
Түркияда 18 адам коронавирус жұқтырды
Түркияда коронавирусты жұқтырудың жаңа 12 оқиғасы тіркелді. Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 18-ге жетті. Бұл туралы Түркияның Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фаахреттин Коджа Twitter парақшасында жазды.
Экономика • 16 Наурыз, 2020
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 12% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені және пайыздық дәлізді жылдық 12% + /- 1,5 п.т. деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 16 Наурыз, 2020
Уақытша шектеу елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін қажет - Нұрлан Нығматулин
Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин төтенше жағдайға байланысты ел басшылығы тарапынан қабылданған кешенді шаралар азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталғанын айтты. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.
Қоғам • 16 Наурыз, 2020
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Telegram-ботты іске қосты, оның көмегімен пайдаланушылар COVID-2019 коронавирустық инфекциясы бойынша сұрақтарға жауап ала алады.
Қоғам • 16 Наурыз, 2020
Қоғамдық көлік ішін зарарсыздандыру жұмыстары басталды
Елордада 2020 жылғы 13 наурыздан бастап №1 автобус паркінде жылжымалы құрамды зарарсыздандыру жұмыстары басталды. Автопарк 70 бағдар бойынша қызмет көрсетеді, оның ішінде 40 қалалық, 6 экспресс және 24 қала маңына қатынайтын бағдарлар бар. Жалпы автобустар саны 661 бірлікті құрайды.
Үкімет • 16 Наурыз, 2020
Аэровизуалды тексеру жүргізілді
Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр мен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елорда және Ақмола облысының аумақтарын аралап, Қосшы, Ильинка, Қажымұқан, Талапкер, Қоянды, Новомарков елді мекендерінің, Вячеслав су қоймасының, Астана су реттегішінің, сондай-ақ Нұра өзенінің арнасы бойынша Преображенск су торабының қар қорына аэровизуалды тексеру жүргізді.