Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23237 материал табылды

Қоғам • 17 Ақпан, 2020

Жас тілшілер егемендіктермен жүздесті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журна­лис­тика факультетінің бір топ шәкірті «Egemen Qazaqstan» газетінің Алматы бөлімшесіне барып, арнайы тағылымдамадан өтті. Бұл игі шара оқу ордасы мен бас басылым арасындағы ме­морандум аясында жүзеге асырылуда.

Қоғам • 17 Ақпан, 2020

Сырқаттар мұңын шақты, дәрігерлер жауаптан қашты

Аурудың жақсысы жоқ. Алайда адам тәніне жабысатын күллі дерттің ішінде біз ерекше бөле-жарып, қорқа қарайтын бір қауіпті ауру бар. Ол – обыр. Ел бұл аурудың атын да атамайды, «жаман ауру» деп сыбырлап қана айтады. Қостанай облысы обыр дерті ең көп тараған өңірдің бірі. Республика бойынша үшінші орында тұр.

Спорт • 17 Ақпан, 2020

Серік Сәлменов дзюдодан Еуропа кубогінің қола жүлдегері атанды

Австрияның Оберварт қаласында өткен Еуропа кубогінде қазақстандық спортшы Серік Сәлменов қола жүлдегер атанды.

Саясат • 17 Ақпан, 2020

«Ғасыр келісімі» ғасырлық қақтығысты шеше ала ма?

Еврейлер мен христиандардың Иерусалим (шумер тіліндегі «жер/йер» және семит тіліндегі «сәлем/шалом», яғни бейбітшілік сөздерінің бірігуінен «бейбітшілік жері» деген мағынаны береді), мұсылмандардың Құдыс (Арабша «қасиетті» деген мағынаны білдіреді) деп атайтын қаласы АҚШ президенті Дональд Трамптың 2020 жылдың 28 қаңтарында «Таяу Шығыс бейбітшілік жоспарын» жариялауымен халықаралық саясаттың күн тәртібіне қайта келді. Жоспарға сай Иерусалим Израильдің астанасы болады және израилдіктердің палестиналықтардан тартып алған жерлері және онда салған қоныстары заңды деп есептеледі. Басқаша айтқанда, «Ғасыр келісімі» деп аталған бұл жоспар өткен ғасырда басталған Израильдің Палестинаны жұту үдерісінің жаңа бір кезеңі болып табылады.

Абай • 17 Ақпан, 2020

«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін»

Біз Мұқағали туралы сөз қоз­ғасақ, ұлы Абайды айналып өте алмаймыз. Өйткені Мұ­қаға­ли поэзиясының бас­тауы оның ұлы ұстазы хакім Абай­дан арна тартады. Осы ретте, биыл Абай Құнанбайұлының 175 жыл­дығы кең ауқымда той­ланға­лы жатқанын ескеріп, шағын мақалада Абай мен Мұқағали арналарын түгел ашып айта алмасақ та, көкейдегі кейбір ойларымызды осы ұлы шарамен сабақтастыра отырып ортаға салу­ды жөн көрдік.

Қоғам • 16 Ақпан, 2020

Нұр-Сұлтанда халық санағы қалай жүргізіледі?

Ұлттық халық санағы шартты екі кезеңнен тұрады. Елорда әкімдігінде қалалық санақты дайындау және өткізу мәселелері талқыланды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Президент • 16 Ақпан, 2020

Интернет желісіндегі ақау – Президент назарында

Бұл туралы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Видео • 16 Ақпан, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мюнхенге жұмыс сапарының екінші күні (видео)

Мемлекет басшысы қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының панельдік сессиясында «Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азия туралы әңгіме» тақырыбында сөз сөйледі.

Аймақтар • 16 Ақпан, 2020

Ақтөбе облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Президент Әкімшілігінің келісімімен және Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы болып Шәмшиев Алмас Әбжанұлы тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Аймақтар • 16 Ақпан, 2020

Қарағанды облысында шахтадағы өрт сөндірілді

Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен алты сағат арпалысқан. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.