
Тұлға • 25 Ақпан, 2024
Өмір жолы ұшы-қиырсыз алып мұхит тәрізді. Сол мұхит айдынында ел мүддесі, халық игілігі үшін еңбек етіп, лайықты орын табу ердің ерінің ғана қолынан келеді. Адам арманмен өмір сүріп, соны орындау жолында күреседі. Тура жолды айқындап, дұрыс бағыт таба білген жан ғана мақсатына адаспай жетеді. Біз елімізге белгілі тележурналист, жазушы, тұлғатанушы Доқтырхан Тұрлыбектің өмір жолы мен шығармашылығынан осындай ізденісті байқаймыз.
Инвестиция • 23 Ақпан, 2024
Орталық құрылысының инвесторы анықталды
Мұндай ақпарат Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин басқаратын трансшекаралық хабтарды дамыту мәселелері жөніндегі жедел жұмыс тобының отырысында айтылды.
Ғылым • 23 Ақпан, 2024
Қазақстан мен Британ Кеңесі ынтымақтастығы білім беру саласында өз жемісін беріп отыр
Қазақстан білім беру саласында халықаралық серіктестік қызметін одан әрі дамыту және отандық университеттерді интернациялауды жеделдету жолында мемлекеттік инвестицияны әрдайым арттырып келеді. Бұл – еліміздің дипломатиялық, экономикалық және академиялық тұрғыдан ұзақмерзімді перспективаларға негізделген стратегиясы. Елімізде кейінгі уақытта шетелдік, оның ішінде білімі мен ғылымы ғасырлар бойы дамып, бүгінде әлемдік брендке айналған Ұлыбритания университеттерінің кампустарын, филиалдарын ашу үрдісін байқауға болады. Оның бәрі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығының, әсіресе білім мен ғылымға көптеп ден қоюының жемісі деуге болады. Сонымен қатар бұл – Қазақстанның дамыған мемлекеттермен жан-жақты тиімді қарым-қатынас орнатып, олардың озық техника-технологиясын, инновациясын, білімі мен ғылымын интеграциялаудағы қарқынды қадамдарының нәтижесі.
Денсаулық • 22 Ақпан, 2024
Бұрын маскүнемдікті қоғамның дерті санасақ, қазір жастар үйір болып жүрген энергетикалық сусындардың зардабы одан кем түспейді. Бұл – саламатты ұлт қалыптастыруға мүмкіндік бермейтін жағдай.
Еңбек • 22 Ақпан, 2024
Орта бойлы, шағын денелі Сейітқалиды ауданымызда танымайтындар кемде-кем шығар. Көршілес аудан жұртшылығына да жақсы таныс десек артық айтқанымыз емес. Себебі оның қолынан шыққан аяқкиімді әр өңірде жиі кездестіреміз.
Жастар • 22 Ақпан, 2024
Цифрландыру үдерісі: Жастар үлесі қандай?
Цифрлы медиа қоғамды қалай өзгертіп жатыр? Оның жастарға тигізетін ықпалы қандай? Цифрлы болашақтың жастарға пайдалы тұстары бар ма? Қауіп-қатер неде? Бұл сұрақтар кез келген адамға ой салары анық. Осы туралы ой тарқатып, өз тарапымыздан жауап іздеп көрсек.
Зерде • 22 Ақпан, 2024
Ұлт мүддесі біріктірген күрескерлер
Түркістан өлкесінің қос тумасы Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұлов бір жылда туып (Сұлтанбек – 1894 жылдың күзінде, 10 қыркүйекте, Қаратау баурайындағы Ақсүмбеде, ал Тұрар сол жыл аяғында, 26 желтоқсанда, Алатау баурайындағы Бесағашта туған еді), дүниені дүр сілкіндірген өзгерістер заманында ұлт болашағын күйттеген күреске толы белсенді ғұмыр кешті де, екеуі бір жылда, бір күнде – 1938 жылғы 10 ақпанда Мәскеуде атылды.
Тарих • 22 Ақпан, 2024
«Мәдениет және тұрмыс» журналында істейтінмін. 1987 жылғы тамыздың 23 жұлдызы күні Қызылордаға қарай іссапарға шықтым. Тоқсан алты жастағы большевик Насреддин Тасымовпен кездесуден көп жаңалық күтіп бара жатыр едім…
Әдебиет • 22 Ақпан, 2024
Жазушы Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Мешкей» романы ел тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы халық тұрмысындағы орын алған жағдайлар мен елдің ертеңіне сенбейтін құлдық құрсаудан әлі арыла алмаған жүйені, сондай-ақ бар мақсатын ақша табуға арнаған адамдар бойындағы ашкөздік, тойымсыздық сынды пиғылдарды суреттейді. Роман идеясы бас кейіпкер Алыпхан образына жинақталып жеткізіледі.
Пікір • 22 Ақпан, 2024
Қазірде халқымыздың құқықтық сауаты арта түскенін биліктің өкілдерінің кері байланысқа шығып, үнемі атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырып отыруынан, жұртшылықтың дер кезінде тың ақпараттар алып, құқыққа сай әрекет ете білуінен байқауға болады. Бұл Президентіміздің: «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек алға қарауымыз керек» деген ойын айшықтай түскендей.