Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3198 материал табылды

Тағзым • 05 Қараша, 2024

Әлемнің Әбдіжәмілі

Әлемнің әйгілі жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов – 100 жаста. Қазақ­­станның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, соғыс ардагері Әбдіжәміл Кәрімұлының шығармашылығы ғасыр шеңберіне сыймайды.

Зерде • 05 Қараша, 2024

Көзі ашық көпестер

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде Ақмола қаласында кәсіпкерліктің да­муы­на елеулі үлес қосқан Қос­шығұл әулетінің өмірі мен тағдыр тауқыметі туралы Астана қаласы мемлекеттік архиві деректері не дейді?

Құқық • 02 Қараша, 2024

Халықаралық алаяқтарға қашанғы алданамыз?

Қазақстан қоғамын қатерлі дерт кезіп жүр. Қазіргі кеулеген зарардан қорғанып жатқан ешкім жоқ. Зарар – цифрлы технологияның «сиқыры». Мұны елімізге жасалған кибернетикалық шабуыл, «жарияланбаған майдан» десе де қисынды шығар.

Қоғам • 02 Қараша, 2024

ЕҚҚДБ президенті «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу рәсімдеріне оң баға берді

Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) президенті қор компаниялары тобының сатып алу үдерістерін жоғары бағалап, несие беруші компаниялардың сатып алуларды қордың ережелері бойынша жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Бұл қордың сатып алу үдерістеріне деген сенімді және олардың ашықтығын көрсетеді.

Жансарай • 02 Қараша, 2024

Тұңғыш кәсіби режиссер

95 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық Қазақ драма театры еліміздегі ең алғашқы «кәсіби мамандар театры» есебінде тарих бетіне алтын әріппен жазылып қала бермек. Кәсіби маман сөзі бүгінде қалыпты саналғанымен, өткен ғасыр басында оны алып шығу екінің біріне бұйырмаған бақыт болатын. Жұмат Шанин – қазақ театрының негізін қалаған реформаторы болса, Халел Шәженов – Ресейдің мойындалған әйгілі оқу орнынан режиссер атанып шыққан тұңғыш қазақ.

Зерде • 02 Қараша, 2024

Қара сөзден олжа салған

Қазақ әйелдері арасында алғаш роман жазған Сара Мыңжасарованың туғанына 100 жыл толуына орай биыл «Оқитын өлке» акциясы аясында Ақтөбе облысында жазушы шығармалары таңдалып, қаңтар айынан бастап кітапхана, мектептерде небір маңызды іс-шаралар өтті. Шалқар аудандық орталық кітапханасының коворкинг залында «Өз дәуірінің тамыршысы» атты әдеби кеште ақтөбелік өлкетанушы Жұмабай Асарбаев осыдан қырық жыл бұрын Алматы қаласында Сара Мыңжасаровамен дәмдес болғанын, сол отырыста Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова сынды қазақ әдебиетінің белгілі өкілдері мен журналист Мәриям Қарақонақова жазушы апамызға керемет құрмет көрсеткенін жеткізіпті.

Тұлға • 02 Қараша, 2024

Елдің ардағы, сатираның саңлағы

Адамға қызмет – абыройлы міндет екенін ерте сезінген ақын-сатирик Шона Смаханұлы шығармашылық мұрасында ел мүддесіне қатысты мәселелердің бәріне ерекше ден қойып, оны әзіл-ажуа, сын-сықақ, шаншыма-шымшымалары арқылы әр қырынан ашып, кең көлемде көрсетті. Тақырыбы мәнді, жанр жүйесі айқын, мазмұны байтақ, көлемі қысқа-нұсқа сатиралық туындылары – қоғамның өзекті тұстарын, заманның шындығын, адам әлемінің мың сан қатпарларын кеңінен көрсетіп, тиісті тұста өткір тіл, орамды ой, шымыр шумақтарымен жүйелі жеткізеді.

Ғылым • 01 Қараша, 2024

Салалық зерттеулер белесі

Қазақстан педагогика­лық ғылымдар академиясы (ҚПҒА) қоғамдық бірлестігі 2004 жылы үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) ретінде ашылды. Ұйымның ашылуы елімізде демократиялық қоғам құру мақсатында жасалған маңыз­ды қадамдардың же­місі болды.

Таным • 01 Қараша, 2024

Алқакөл ме, Алакөл ме?

Халқымыз өз жерінде талай соғыс пен шайқасты бастан ке­шіргені белгілі. Олардың ішінде жоңғарлар мен қалмақтардың 1723 жылы қазақ жеріне жасаған шапқыншылығының зардабы өте ауыр болды. Сол кездеұлт ретінде жойылып кету қаупі тұрды. Бұл тарихта «Ақта­бан шұбырын­ды, Алқакөл сұлама» деген атпен қалған. Ол бүгінге «Елім-ай» жыры арқылы жеткені мәлім.

Білім • 31 Қазан, 2024

Мұғалім сапасын арттыратын мүмкіндік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты биылғы халыққа Жолдауында: «Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Өйткені үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жас­тарды қабылдауға баса мән беру керек», деп атап өткен болатын.