Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3193 материал табылды

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетіне берген сұхбатында елдіктің сара жолына, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына қатысты бастамалар жан-жақты қамтылды. Әсіресе қоғамда заң мен тәртіп қағидасын іске асырудың мән-маңызы сарапталды.

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

«Ana tili» басылымында жарық көрген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатын мұқият оқып шықтым. Мұндағы жұртшылық­ты толғандырып жүрген көптеген проблеманың ортаға салынып, экономикалық, әлеуметтік маңызды жайттар мен әлі де шешімін табуға тиіс өткір мәселелердің қозғалуы көкейіміздегі көп сауалдың нақты жауабы сынды әсер қалдырды.

Пікір • 10 Қаңтар, 2025

ІТ жобалар – өркендеу кілті

Президенттің жасанды интеллект пен цифрландыру тура­лы айтқан ойлары – еліміздің технологиялық болашағын айқындайтын стратегиялық тұжырым. Жаһандық деңгейде ІТ саласының қарқынды дамуын ескере отырып, еліміз осы бағытта белсенді әрекет етіп, нақты нәтижелерге қол жеткізе алады.

Пікір • 10 Қаңтар, 2025

Сын сағатта сынып кетпедік

Біз – қашанда басалқы ойға тоқтаған, бәтуалы сөзге жүгінген халықпыз. Қазақ: «Бетеге кетсе – бел қалар, бектер кетсе – ел қалар, берекең кетсе – нең қалар?» деп, өмір тағылымына иек артады. Берекесіздік – барлық кесапаттың бастауы. Сондықтан да халық болып сенім білдірген басшыға қолдау көрсету берекесіздікке жол бермейді деп сенеміз.

Қазақстан • 10 Қаңтар, 2025

Көлік саласы қалай өзгереді?

Көлік министрлігі 2025 жылға арналған негізгі жоспарын таныс­тырып, басым бағыттарды жария етті. Министрліктің мәлім­деуінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар салынады.Қазір бұл нысандардың жер учаскелерін рәсімдеу және жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өндіріс • 10 Қаңтар, 2025

Мырышты терең өңдейтін зауыт

Шымкентте бұрынғы қорғасын зауытының орнында «Standard Steel KZ» серіктестігі мырыш оксидін өндіретін зауыттың екінші кезеңін іске қосты.

Сараптама • 10 Қаңтар, 2025

Генеративті жасанды интеллект

Бүгінде жасанды интеллектінің қарқынды дамуы тех­но­логиялық дамудың жаңа сатысын қалыптастырып жатқаны анық. Осы мақсатта әлем елдері жасанды интеллект өнімдерін ұсыну, оны өндіріс пен күнделікті өмірімізде қолданатын заманауи технологиялармен байланыстыруда өзара бәсекеге түсе бастады.

Пікір • 09 Қаңтар, 2025

Ғылыми зерттеу тәсіліне көшу қадамы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында жасанды интеллект және технологиялық кәсіпкерлік саласындағы болашақ мамандарды даярлауда шешуші рөл атқаратын «AI-Sana» инновациялық бағдарла­масының маңызын да атап өтті.

Тұлға • 09 Қаңтар, 2025

Жақсы адамның өшпес өнегесі

Қажетті биіктікке көтерілген ұшақ терезесінен сыртқа қарасаң, аппақ бұлтқа шағылысқан күннің шұғыласы көз қарықтырады. Жақсылық та күн секілді, кейде қою бұлт көлегейлеп, кейде сәулесін мол шашып, нұрын төгеді. Айналасын ізгілікке бөлеген жақсы жанды еске алуды – адалдыққа құрмет деп санаймыз. Өкінішке қарай, жақсы адамың келместің кемесіне мініп, мәңгілік сапарға аттанса, естелікті ­ғана медет тұтатынымыз рас.

Пікір • 09 Қаңтар, 2025

Тимур БЕКТҰР, ІТ-сарапшы: Цифрлы технология бәсекеге қабілетті арттырады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді цифр­ландыруға, жасанды интеллектіні дамытуға, жалпы алғанда, технологиялық серпіліске жетелеуге деген ұмтылысын ерекше атап өткен жөн. Ол бұл туралы «Ana tili» газетіне берген жаңажылдық сұхбатында да тілге тиек етті.