13 Қараша, 2010

Түбі бір түркі дүниесі

507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оның түп тарихын Түркі академиясы түгендейді Бір замандары тұралап қалған Түркияны аяғынан тік тұрғызып түлеткен Ататүрік өткен ғасырдың 30-шы жылдары КСРО-ның бұғауында отырған бауырларымыз теңдігін алғанда қол ұшымызды созуға дайын тұрайық деген екен. Сол өсиет орындалуда. Отанымыз елдігін алғалы бері түркітану мәселесіне ден қойылып, қандас жұрт­тардың әлеуметтік-экономикалық байланысына, ынтымағын нығайтуға жаһандану заманында материалдық құндылықтардың шеңберінде қалып қоймай, рухани мәдениетті дамытуға да жоғары дәрежеде көңіл бөлінуде. Биыл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев пен Түр­кия Президенті Абдулла Гүл Астанада дидар­ласып, жаңа халықаралық түркітану орталығының ашылғанын салтанатты түрде жариялаған еді. Бұл Халықаралық Түркі академиясы еді. Бұл мекеме түрік әлемінің дүниежүзілік кеңістікте танылуына, арғы-бергі тарихты зерттеп-зерделеу бағытында жұмыс жасайтыны айтылған болатын. Әсіресе, түркі тілдес жұрттардың тарихын, тамыр терең тілін, этнографиясын, мәдениетін, діни танымын, педагогикасын, психологиясын парасаттылықпен пайымдау, оны әлемдік мәдениетпен ұштастырып түйіндеу мәселесі алға қойылған еді. Жақында Білім және ғылым министрі Ба­қыт­жан Жұмағұлов осы Халықаралық Түркі акаде­мия­сының жұмысымен танысып, алда тұрған мін­деттерді айқындады. Академияның президенттігіне белгілі ғалым Шәкір Ыбыраев тағайындалды. Сүлеймен МӘМЕТ.