13 Қараша, 2010

3G ресурсының жиілігін пайдалануға рұқсат алды

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстандық ұялы байланыс опе­раторлары қондырғыларын ти­іс­ті жиілікті өткізуге икемдеу жұ­мыстарын қараша айының соңына дейін аяқ­тауды жоспарлап отыр. Ал, желтоқ­санның бірінен бастап, Байланыс және ақпарат министр­­лігі оларға 3G ресурсының жиілігін ЕҚЫҰ-ның Саммиті мен Азиада ойындары ая­сын­­да уақытша қол­да­нуға рұқсат береді. Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы Ризат Нұр­ша­бековтің айтуынша, 1 желтоқсан­нан бастап, Астана мен Алматы қа­лаларының тұрғындары үшінші бу­ынның байланысын қолдана алады, оның ішінде жоғары жыл­дам­дықты интернетке қол жеткізеді. Комитет төрағасының айтуын­ша, министрлік 3G стандартын өт­кізу үшін раджиожиілікті пайда­ла­ну­ға тө­ленетін төлемақы көлемін ан­­ықтау мақ­сатында Салық кодек­­сіне өз­гер­­ту­лер мен толықтырулар енгізген бо­ла­тын. Қазір бұл жоба Сенат қарауында. Салық кодексі қабылданғаннан кейін ұялы байланыс операторлары 3G стандартын еліміздің барлық аймақ­тарында тарату мүмкіндігіне ие болмақ. 3G байланысы арқылы жылдам­ды­ғы жоғары интернетке қол жет­кі­земіз. Сондай-ақ, vіdeo-on-demand (VOD) секілді жаңа қызмет түрлерін пайдалану мүмкіндігіне ие боламыз. 3G-дің мәліметтерді жеткізу жыл­дам­дығы өте жоғары 144кбит/с-тен 2 мбит/ске дейін жетеді. (қазіргі 2,5 G байланысының мүмкіндігі 64-144 кбит/с), деп хабарлады Байланыс жә­не ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.