06 Қараша, 2010

Келісім жасалды

521 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төр­ағасы генерал-майор Нұртай Әбіқаев Польша Ішкі қауіпсіздік агенттігі делегациясының бас­шысы Кшиштоф Бондарык мырза­мен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан және Поль­ша арнайы қызметтерінің ара­сындағы өзара іс-қимылдың нақты ба­ғыт­­тары талқыланды. Келіссөз нәтиже­лері бойынша тараптар “Құпия ақ­паратты өзара қорғау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Польша Республикасы Үкіметінің арасындағы келісімге” қол қойды. Ведомстволар басшылары қол қойылған үкіметаралық келісімнің ма­ңыз­дылығына тоқталды, бұл – Қазақ­стан мен Польша республи­каларының арасындағы сенімнің жоғары деңгейін растайды. Нұртай Әбіқаев пен Кшиштоф Бон­дарык осы келісімнің нақты іске асы­рылуы екі елдің ұлттық мүдделері жо­лын­да ақпараттық алмасуды жандан­дыратынын атап өтті, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.