06 Қараша, 2010

Ассамблея қызметімен танысты

452 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің Еуропа Парламенті депутатта­ры­ның тобы және “Еуропалық форум демократия мен ынтымақтастық үшін” атты үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы тарапынан Ассамблея Төр­ағасының орынбасары – Ха­т­шылық меңгерушісі Ералы Тоғ­жа­нов, Ассамблея Төрағасының ор­ын­басары, “Қазақстан украин­да­рының радасы” ҚЗТ төрағасы Юрий Тимощенко, Ассамблеядан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутат­та­ры, Астана қаласының этномәдени бірлестіктерінің басшылары, Ас­сам­блея Хатшылығының қызмет­кер­лері қатысты. 13 өкілден құралған Еуропар­ламент делегациясын үш тең төраға басқарып келді. Олар – Еуро­пар­ламенттегі социалистер мен де­мо­краттардың прогрессивті альянсы тобының сыртқы істер вице-пре­зи­денті Андриан Северин (Румыния), еуропалық социалис­тер партиясы басқармасының мүшесі, Еуропар­ла­мент мүшесі, Болгария социа­лис­тік партиясы­ның сыртқы істер жө­ніндегі коми­тетінің үйлестірушісі Крис­­­тиан Вигенин (Болгария) жә­не Еуропа­лық форумның вице-пре­зиденті Ян-Маринус Виерсма (Нидер­ланды). Аталған кездесуді өткізу туралы ұсыныс Еуропарламент өкілдері тарапынан түсті. Негізгі мақсат – Қазақстанның мәдениетаралық үн­­­қатысу саласындағы жетістік­терімен, этносаралық толерантты­лықтың казақстандық моделімен, елімізде тұратын барлық этнос өк­ілдерінің қарым-қатынасы қам­та­ма­сыз етіліп отырған азаматтық қоғам институты ретінде Қазақстан халқы Ассам­блея­сы қызметінің бағыттарымен танысу. Тиімді пікір алмасу барысында Еуропарламент өкілдері Қазақстан­ның ұлттық саясатының іске асуы­ның негізі мен ерекшеліктері, Қа­зақстан халқы Ассамблеясының құ­рылу тарихы, міндеттері мен бү­гінгі таңдағы қызметі, халық­­аралық жұ­мысы туралы мәлімет алды. Эт­нос­аралық келісімнің қазақстан­дық моделінің ерекшелігі туралы нақты түсініктеме берілді. Еуропа Парламентінің өкілде­ріне “Н.Назарбаев: бейбітшілік жә­не қоғамдық келісім саясаты” зерт­теуі мен Қазақстан халқы Ассам­бле­я­сының 15 жылдығына арнал­ған естелік төсбелгілері табыс етілді.
Соңғы жаңалықтар