06 Қараша, 2010

Бұл – күш біріктіріп қана еңсеруге болатын дерт

491 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Сыбайлас жемқорлық – кез келген қоғамды іштей жеп, үгітіп бүлдіретін қауіпті дерт. Сон­дық­тан онымен күрес жүргізбейтін бірде-бір мемлекет жоқ. Бірақ оның салдарынан гөрі сыбай­лас­тыққа жол беретін көріністерімен алдын ала күресу ең тиімді амал екендігі белгілі. Міне, соған орай біздің мемлекетіміз ТМД елдері­­нің арасында коррупциямен кү­рес­ті бірінші болып қолға алды. Бү­гінде соның арқасында Қазақ­станда сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізудің тәжірибесі мо­лық­ты. Ал жемқорлыққа қарсы табысты әрекет ету қашанда ел­дің әлеуетін өсіріп, экономи­ка­сын өркендете түсетіні айдан ан­ық. Ендеше, осы өзекті мәсе­ле­лер кеше “Жемқор­лыққа қарсы та­бысты әрекет ету – Қазақ­стан­ды одан әрі тұрақты да­мыту мен экономикалық өркенде­ту­дің маңызды шарты” атты халық­ара­лық ғылыми-тәжірибелік кон­ференцияда жан-жақты айтылды. Аталған конференцияны “Нұр Отан” ХДП жанындағы Жем­қор­лықпен күрес жөніндегі республи­калық қоғамдық кеңес “Нұр Отан” ХДП Парламен­та­ризм институты­мен, БҰҰ және ЕҚЫҰ өкілдерімен бірлесе ұйым­дастырды. Әлем хал­қын алаңда­тып отырған өзекті мә­селені тал­қылау үшін дер уақы­тында өт­кі­зіліп отырған конферен­ция жұ­мысына Ресей Федерациясы Фе­дералдық Кеңесі Мемлекеттік Ду­­­масының депутаттары, бірқа­тар елдердің дипломатиялық өк­ілдік жетекшілері, халықаралық ұйым­дар­дың өкілдері, сарап­шы­лар мен ғалымдар, Қазақстан Рес­публикасы Парламентінің де­путаттары, Жо­ғары Сот кеңе­сі­нің, орталық мем­ле­кеттік орган­дардың, саяси пар­тиялардың өкілдері қатысты. Конференцияны ашқан Қа­зақстан Республикасы Парла­мен­ті Сенатының депутаты, “Нұр Отан” ХДП жанындағы Жемқор­лықпен күрес жөніндегі респуб­ли­калық қоғамдық кеңестің төрағасы О.Әб­дікәрімов бұл кон­ференцияның мақсаты Қазақ­стан­ның барлық салауатты күш­терін жемқорлыққа қарсы бірігу үшін ұсыныстар әзір­леуге шақы­ру екенін айтып өтті. “Нұр Отан” ХДП өзінің Сайлауал­ды тұғырна­масы, 2009-2012 жыл­дар­ға арнал­ған іс-әрекеттер стра­тегиясы си­яқты басты бағдарлама­лық құ­жат­тарына сәйкес жем­қорлықпен күрес бойынша нысана­лы жұмыс жүргізіп келеді. 2008 жы­лы пар­тия Төрағасы Н.Ә. Назар­баевтың тапсыруымен Жемқорлық­пен кү­рес бойынша бағдарлама қа­был­данған болатын. Онда партия­ның жемқорлықпен күрес қызме­ті­нің басты мақсаттары мен міндет­тері, тетіктері мен бағыттары нақ­тыланды. Жемқорлықпен күрес бой­ынша бағдарламаны іске асыру бары­сын­да институттық, құқық­тық, ұй­ым­дастырушылық, наси­хат және ғы­лы­ми іздену іс-ша­ралары өткізілді. Жемқорлықпен күреске құқық қор­ғау органд­а­­рымен бірге, аза­маттық қоғам инс­титуттары және ел халқы жұ­мылдырылып отыр. Соның бірі ретінде партия Бас про­кура­ту­ра­мен, Ішкі істер ми­нистр­­лі­гімен, Қаржы полициясы агент­­тігімен, Республикалық бюд­жеттің орын­далуын бақылау жө­нін­дегі есеп комитетімен, “Сам­ұ­рық-Қазына” қорымен меморан­дум­ға қол қойды. Бұдан әрі жемқорлықпен кү­рес туралы өз ойларын білдірген “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Н.Нығма­ту­лин, Елба­сы көмекшісі – Қау­іпсіздік Ке­ңесінің хатшысы М. Тәжин, Елші, Еуропадағы қауіп­сіз­дік және ын­тымақтастық ұйы­мының Қазақ­стандағы Орталы­ғының басшысы А. Кельчевски және басқалар “Нұр Отан” пар­тиясы мүшелері жемқор­лықпен күрес барысында орын алған жағ­дайға дер кезінде ықпал ету, ти­імді іс-әрекетті үйлестіру, болған жайдың шешімін табудың жол­дарын бірлесіп қарастыру үшін билік пен қоғамның тұрақты үн­қатысуы қашанда маңызды еке­нін, сыбайластықпен күресте елі­міздің мол тәжірибесі бар екенін, қауіпті дертпен күресте белгілі қатаң шараларды қолданумен қатар, оны болдырмаудың жол­дарын табудың артықшылығын, өзекті мәселелерді шешуде өзге де елдердің сыбайлас жемқорлықпен күрестегі тәжірибе­лері көмек бо­ла­тындығын көлденең тартты. “Әрине, қазіргі кезде жем­қор­лық­пен күрес шарасы бір ғана ме­м­лекет емес, бүкіл әлем елдеріне ор­тақ маңызды мәселе екендігі өз­деріңізге белгілі. Бұл Қазақстан Рес­публикасының Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев басқаратын “Нұр Отан” партиясының да не­гізгі бағыттарының бірі болып та­бы­лады. Біз осы жолда Елба­сы­ның мемлекеттік саясатын қолдай оты­рып, түрлі деңгейде көптеген ша­раларды өткізіп келеміз”, деді Н.Нығматулин. Конференцияға қатысушылар қазіргі таңда сыбайлас жемқор­лыққа қарсы қоғамдық инфрақұ­ры­лымдар мен азаматтық қозға­­лыс­тар­ды қалыптастыруға жағдай жасау, азаматтардың, қоғам мен мем­лекеттің құқықтары мен заң­ды мүдделерін қорғау жолында көп­теген жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Сол жұмыстардың ішін­де жем­қорлыққа қарсы үнемі құ­қық­тық, тәрбиелік, үгіт-наси­хат­тық жә­не ғылым-зерттеу шара­ла­ры үз­бей жүргізіліп жатса, оған қоса тұ­рақты негізде жемқорлыққа қарсы кү­рес жөнінде қоғамдық кеңестер жұ­мыс жасайды. Мемлекет басшысының тап­сыр­масына сәйкес партия барлық мемлекеттік, соның ішінде ин­дус­триялық-инновациялық даму, жол картасы және жұмысқа орналас­тыру картасы секілді мемлекеттік маңызы бар бағдарламаларды на­зарына алып отырады. Осыған орай олар ең алдымен мемле­кет­тік бюд­жеттік және инвестиция­лық қара­жат­тардың тиімді жұм­са­луын қада­ғалауға барынша күш салады. Тек үстіміздегі жылдың ал­ты айында ғана Партиялық ба­қылау бекеттері арқылы әлеу­мет­тік маңызы бар бағдарламаларда үш мыңның үстінде заң бұзу­шы­лық анықталды. Олардың бәрі са­раланып, тиісті мемлекеттік ор­ган­дарға жіберілген. Мұндай жұ­мыс­тың тиімді және әсері мол бол­ғандықтан, партия атал­ған жұмыстарды одан әрі жал­ғастыра бермек. Әрине, жемқор­лық­пен күрес бір күннің шаруасы емес. Бірақ бүгінгі жұмыстың басы жемқорлықпен күресте нақты негіз қаланатын ұзақ уақытқа бағыттал­ған бағдарлама екендігін халық түсінуге тиіс. Конференцияда бұдан кейін сөз алғандар жемқорлыққа қарсы та­бысты әрекет ету барысында Қа­зақстанды одан әрі тұрақты да­мыту мен экономикалық өркен­де­тудің маңызы туралы, экономика сала­сында жемқорлыққа қарсы әрекет етудегі үкіметтік емес ұй­ымдардың рөлі, жемқорлық көріністерінің не­гізі мемлекеттік басқару жүйесінің тиімсіздігінде жатқандығы, жем­қор­лықпен кү­рес­­ті кадрлық қамта­масыз ету мә­селелері, халықаралық стандарт­тар және жемқорлық тә­уекелді бас­қарудың ұлттық жүйесін же­тіл­діру, жемқорлыққа қарсы әрекет етуде және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда аза­мат­тық қоғам институттары мен халықтың рөлін арттыру туралы бірқатар ұсыныстар айтылды. Александр ТАСБОЛАТОВ.