06 Қараша, 2010

“Самғау” — саңлақтар сыйлығы

501 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Жер бетінде адамдар әр түрлі тағдырмен, әр түрлі жазмышпен, әр түрлі жағдаймен әр түрлі өмір сү­­ре­ді. Алайда, барлық адамзат қауы­мын біріктіретін үлкен қоғамда олар­дың бәрі бірдей, тең құқылы. Тағ­дыр тауқы­­метін жеңіп, қоғам да­муымен тығыз байланыста жүр­ген, ел мақтанышына айналған та­ны­мал азаматтарды танытатын уа­қыт кел­ді. Мұны “Бау­ыржан” қайы­рым­ды­лық қоры және “Мейі­рім” жеке қо­ры “ҚазРосГаз” ком­па­ниясының қол­дауымен жүзеге асы­ра бастады. Мәдениет, спорт, бі­лім және қо­ғам­дық қызметте же­тіс­тіктерге же­тіп жүрген дарынды мүгедек жан­дар үшін “САМҒАУ” сыйлығының та­­­ғайындалуы соның дәлелі. Ен­де­ше, еліміздің ертеңін ойлап жүрген жандардың қатары­нан табылғыңыз келсе немесе мүм­кіндігі шектеулі жандарға арналған үздік мекеме атанғыңыз келсе, өті­ніш беруге асығыңыздар! “Самғау” қандай сыйлық деген­­ге келсек, қоғамның мәдени өмі­рі­не белсене қатысып, алға қойған мақ­сатқа жету жолында аянбай ең­бек етіп, мәдениет, спорт, білім, та­ғы басқа салаларда жетістікке жет­кен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған сыйлық; “Самғау” ешқандай да кедер­гілер мен шектеулі мүмкінші­лік­теріне қарамастан, сұлулық әлемін жасап, руханиятымыздың дамуына үлес қосып, адами жан дүниені жа­ңартып жүрген мыңдаған адам­дар­дың ерліктерін бағалайтын сыйлық; “Самғау” мүмкіндігі шектеулі жандарға қосымша қанат беріп, өмір кемесінде еркін, өзгелермен тең дәрежеде жүзулеріне себеп бо­лар арнайы сыйлық. Ендеше, “Бауыржан” қайырым­дылық қоры және “Мейірім” жеке қоры осы аталмыш марапатқа лай­ық жандарды іздеуді бастағанын хабардар етеді. Сыйлықтың негізгі мақ­саты мүгедектерді әлеуметтік бей­імдеу мен сауықтыру үрдісін да­мытуға үлес қосу және оларды керек затымен қамтамасыз етудегі құқық­тарын қорғау, қалыптастыру болып табылады. Ал міндеттеріне келер бол­сақ, әлеуметтік бейімдеу, мүге­дек­­тер интеграциясына оңалту мақ­сатында мүмкіндігі шектеулі жан­дарды өнердің барлық сала­ла­рына араластыру, әлі ашылмай жүр­ген та­лант иелерін анықтау, мү­гедек жан­дар­дың шеберлігін жетіл­діру мен қа­тысушылардың еркіндігі мен еңбек­сүйгіштігін арттыру, мүм­кіндігі шек­теулі жандардың шығар­машылық дамуындағы қордаланып қалған мә­селелерді жан-жақты зерт­теп, мем­лекеттік, қоғамдық ме­кемелерді жә­не коммерциялық ұйымдарды қа­тыс­тыра отырып мүм­кіндігі шектеулі жандарға ма­те­риалдық және рухани қолдау жасау, т.б. болып табылады. Бұл атаулы сыйлыққа қоғамдық өмірге белсене араласып, алға қой­ған мақсатқа жету жолында жетіс­тік­терге жетіп жүрген І, ІІ, ІІІ топ­тағы жеке тұлғалар және ұжымдар қатыса алады. Өтініштерді ұйымдастырушылар алқасы осы жылғы 10 қазаннан 25 қарашаға дейін қабылдап, арнайы құ­рылған қоғамдық кеңеске тап­сы­рады. Қоғамдық кеңес таңдалынып алын­ған номинанттардың ішінен жасырын дауыс беру арқылы сый­лықтың лау­реаттарын анықтайды. Жеңімпаздар­ды марапаттау салта­на­ты 3 желтоқсан күні қоғам қай­раткерлері, танымал мем­лекет қыз­меткерлері қазақ эс­тра­да жұлдызда­рының қатысуымен өте­тін болады. “Егемен-ақпарат”.