Төраға орынбасары облыс активінің жиналысында Парламенттің заң шығарушылық қызметін ел дамуының басты бағыттарымен байланыстырды.
Елбасы Н.Назарбаевтың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” Жолдауынан туындайтын міндеттер ауқымында қабылданған заңдық актілер де өз жемісін беруде. Сондай-ақ Мәжіліс қоржынында жатқан заң жобалары мұқият талқылаудан өткізілуде.
Мәжіліс спикерінің орынбасары “Көкшетау минералды сулары” АҚ, керамикалық кірпіш шығаратын “Енки” ЖШС-да болып, озық технология мен жабдықтардың өндірісте пайдаланылуы, еңбек өнімділігі, салықтық түсімдер көлемі, жұмысшыларға жасалып жатқан жағдайлармен танысты. Кең ауқымды “Арман” балалар бақшасын аралаған ол заманалық нысанға “Балалар сарайы” деген баға берді.
Жәнібек Кәрібжанов түстен кейін “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының ғимаратында азаматтарды өтініштері бойынша қабылдады. Оған Ақмола облысының әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Сергей Дьяченко мен оның орынбасары Ғалым Шойкин қатысты. Жәнібек Сәлімұлы бес мәселе бойынша тоғыз кісінің өтініш-шағымын мұқият тыңдап, тиісті шешімдер қабылданатынын хабарлады. Атап айтқанда, Макинка қаласы Каменный карьер шағын ауданын жылумен қамту мәселесімен арнайы комиссия айналысатын болды. Ал әскери зейнеткер Марат Ганиевтің тұрғын үйге сұранысы қолданыстағы заңдық актілерге сай жеке қаралады. Жақсы ауданындағы “Түгел-С” ЖШС директоры С.Жүнісов пен көкшетаулық жеке кәсіпкер П. Первухиннің жер қатынастарына байланысты дауларын сотқа жүгіну арқылы шешуге кеңес берілді.
Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.

2 желтоқсанға арналған валюта бағамы
Қоғам • Бүгін, 12:46
Импортталатын дәрі-дәрмек шикізаты салықтан босатылады
Салық • Бүгін, 12:40
Олжас Бектенов: Мемлекет дәрі сатып алудан 36 млрд теңгеден астам қаржы үнемдеді
Медицина • Бүгін, 12:38
Бала өлімінен кейін бас дәрігер қызметінен қуылды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Қытайлық BYD бренді сапасыз автокөліктерді кері қайтарып алатынын мәлімдеді
Қоғам • Бүгін, 12:11