Жасөспірімдер арасында Таиланд астанасы – Бангкок қаласында болып өткен Азия чемпионатында Қазақстанның қыздар құрамасы 8 медаль тағып, командалық бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға – Үндістан, үшінші орынға Жапония қыздары орналасты. Бізден Екатерина Ларионова – алтын, Александра Бойко, Мақпал Жүнісова, Әлфия Шындәулетова, Гүлжан Жанатова – күміс, Ирина Борисова, Назгүл Нұрахан, Диана Уәлиева қола медальдердің иегерлері атанды.
Біріншілікте еліміздің еркін күрестен жасөспірімдер құрамасы қыздардың осы табысын қайталады. Команданы бірінші орынға шығарған бағландар 10 салмақ дәрежесінің бәрінен де медаль алды! Атап айтқанда, Батухан Шырақбаев (58 кг) пен Сәкен Айтжанов (63 кг) – алтын, Владимир Кудрин (42 кг), Мұхамбет Далабаев (46 кг), Азамат Жұматаев (76 кг), Бақтияр Сұлтанбек (100 кг) – күміс, Медет Мұрат (50 кг), Қуаныш Жақсыбай (54 кг), Мұрадин Қарағұлов (69 кг), Нұржан Өмірбеков (85 кг) қола жүлделерді еншіледі. Командалық екінші орынға Иранның боз кілемшілері көтерілсе, үшінші орын Үндістан балуандарына бұйырды. Ал мұның алдында грек-рим күресінің жас шеберлері командалық үшінші орын алған еді. Нәтижесінде, үш құраманың жиынтығы бойынша да Қазақстан балуандары бірінші болды.

Астана мен 16 өңірде дабылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:30
Жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдер қандай тексеруден тегін өте алады?
Әйел әлемі • Кеше
АИ-92 бағасы өседі деген ақпарат шындыққа жанаспайды – министрлік
Энергетика • Кеше
Медициналық сақтандыру қорының төрағасы қызметінен кетті
Медицина • Кеше
Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, жеті адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында көлік қозғалысы шектелді
Ауа райы • Кеше