
фото: kolesa.kz
Атырау облыстық полиция департаментінің инспекторы Нұргүл Нұрсұлтанованың мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері мопед пен скутер тарапынан 35 жол апаты тіркелген. Аталған көліктердің жүргізушілері 840 әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталған.
«Биылғы сәуірде мопед механикалық көлік құралына теңестірілді. Енді мұндай көлікті «А1», «А» немесе «В» санатындағы жүргізуші куәлігі бар адамдардың жүргізуіне рұқсат берілді. Ал тіркелмеген немесе мопедті жүргізуші куәлігінсіз жүргізгендерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес айыппұл салынады», дейді Нұргүл Нұрсұлтанова.