Оқиға • Бүгін, 17:20

Қарағандыда 10 жастағы қыз екінші қабаттан құлап кетті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға 24 тамыз күні кешке Донецкая көшесіндегі үш қабатты үйде болған. Қыз бала сол сәтте құрбысының үйінде қонақта жүрген, деп хабарлайды Egemen.kz

Қарағандыда 10 жастағы қыз екінші қабаттан құлап кетті

Зардап шеккен қыз балалар травматологиясына жеткізілген. 

- Қарағанды қаласында Донецкая көшесіндегі үш қабатты тұрғын үйге қонаққа келген қыз бала (2015 ж.т.) белгісіз жағдайда екінші қабаттан құлап, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы орташа деп бағалануда. Құлау жағдайының мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр, - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Қарағанды облысы