03 Тамыз, 2010

Төрт құбыланы тең қамтыған құжат

692 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Қаншама қиындықты бастан өткерсе де, ерік-жігері мықты ха­лық­тың ұл-қыздары тәуелсіздік ту­ын желбіретті. Ел егемендігін алып, еңсесін көтерген сәттен бастап, мем­лекеттің ең басты құжаты – Қа­зақстан Республикасының Конс­титуциясы қабылданды. Ал­ғаш қабылданған басты құжаттың кейбір тарауларына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 1995 жыл­дың 30 тамызында бүгінгі қол­да­ныстағы құжат қабылданды. Ерекше салтанат пен құрметке толы Конституцияны еліміздің Тұң­ғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өз халқына жария еткен сәтіне та­рих куә. КСРО бұғауынан босаған мемлекет көк аспан түсіне қанатын күн сүйген қыранын шарықтатып Туын, елдің ырысына дарыған алтын дәнін нұрға шомылдырып Елтаңбасын белгіледі. Шәмшідей біртуар композитордың бірнеше он­­даған жылдар бұрын жазған шы­ғармасын Әнұран етті. Алматыдағы алаңда тұрған жастардың да ау­зында осы “Менің Қазақстаным” болды. Қазақстан Республика­сы­ның мемлекеттік рәміздері Туы, Елтаңбасы және Әнұранының сипаттамасы мен ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілді. Қасиетті де киелі қазақ топырағындағы қуаныш әлемнің әр тарапына сүйінші болып ағылып, өз тәуелсіздігін жариялады. Орнынан қаз тұрып, бұғанасы бекіп, құқықтық және әлеуметтік мем­­­лекет ретінде орнығып келе жат­қан елдің басты құндылығы – адам және адамның өмірі, құқық­тары мен бостандықтары деп та­ныл­ды. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда да азамат­ты­ғынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақ­станнан тыс жерлерге алас­татуға болмайтындығы ескертілді. Тоғыз бөлімнен тұратын Консти­туцияда Қазақстан Республика­сы­ның азаматына толық жағдай жа­салған. Олардың өмір сүруіне, білім алуына, қызмет етуіне және зейнет­керлікке шығып, демалуына мүм­кін­діктер берілген. Жасына, жы­ны­сына қарамай, елдің әр азаматына адам баласына қажетті тұрмыстық техника мен құралдарды қолдануға, меди­циналық ем алу құқығы берілді. Халқына қам жасап, жас ұрпақ­тың өскелең болашағын ойлаған мемлекетті – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп таныды. Сан ғасыр бойы арман мен мұраттың жемісті нәтижесі болып келген еліміздің егемендігі оның бүкіл аумағын қамтитыны, мемлекет өз аумағының тұтасты­ғын, қол сұ­ғыл­мауын және бөлін­беуін қам­тамасыз ететіндігі құжатта көрсетілді. Қазақстан Республи­ка­сы­ның заң шығару қызметін жүзеге асыратын республиканың ең жо­ғары өкілді органы – Парламент деп табылды. Биыл тәуелсіздігіміздің төлқұ­жаты – Конституцияға он бес жыл толады. Дер уағында дұрыс таңдал­ған бағытты ұстанып, алыс-жақын шетелдерге танылып үлгерген Қа­зақстан дамыған, өркениетті ел болып қалыптасуда. Мемлекет пен халықтың жағдайын кең қамтыған Конституция тармақтары бойынша тиісті заңнамаларға сүйене отырып, ел игілігіне бағытталған игі іс-ша­ралар толассыз атқарылуының нә­ти­жесінде көрші елдерден эконо­ми­камыз озық шықты. Жаһанды қамтыған дағдарыс қыспағынан Қазақстан халқы қиналмай өтті. Бұл жасы 19-ға қадам басқан мем­лекет үшін үлкен жетістік. Көп­те­ген мемлекеттерге салқынын тигіз­ген дағдарыс бірқатар елдер ара­сында билікке наразылық танытып, халық арасында толқулар туындат­ты. Біздің мемлекетте мұның бірде-бірі болмады. Бүгінгі таңда Қазақ­стан Республикасының экономика­лық қаржы айналымына шыға ала­тын құнды қағазы – валютасы бар. Қаржы рыногында Қазақстан азулы мемлекеттермен бақталас, бәсеке­лес бола алды. Халқының мәртебесін бәрінен жоғары қоятын, елі үшін жүрегі адал соғатын Елбасын таңдауда Қа­зақстан халқы жаңылған жоқ. Қа­зақ тарихындағы ұлы саясаткерлер­дің қатарынан орын алған Тұңғыш Президентіміз қабырғасын өзі қа­лаған тәуелсіз Қазақстанның нағыз жанашыры, көшбасшысы бола біл­ді. Бағыт алған жолынан тай­май­тын азамат абыздың қазақ халқына, қазақстандықтарға жасаған жақсы­лығы ұшан-теңіз. Жүзден аса ұлт мекен еткен мем­лекеттің іргесін берік, шаңы­рағын биік, дастарқанына береке төгіп, тату ұстау кез келген адам­ның қолынан келе бермейтін іс. Жалғыз қазақ емес, басқа да этнос­тардың ұрпағын білімге ұмтылды­рып, шетелдерге оқуға жіберіп, тә­жірибе алмастырып, туған топы­рақ­қа қызмет етудің де жолын тау­ып, білімді жастар үшін “Болашақ” бағдарламасын қалыптастырды. Жетіліп келе жатқан жас нәрес­те­нің де озық ойлы азамат болып өсуіне жағдай жасайтын “Балапан” бағдарламасы дүниеге келді. Мемлекеттің көрікті жерлері мен сирек құбылыстарға ие мекен­дер­ді арнайы қорғауға алып, құн­ды­­лық­тарды бағалап, келер ұрпаққа аманат ету жолдарын қарастырды. Шұрайлы жерлерге туристік дема­лыс орындарын салып, еліміздің саяхат-туризм саласы дамып келеді. Көрікті мекендер ел абыройын асқақтатуда. Қазір еліміздегі халықтың бар­лығы дерлік сауатты. Біздегі білім алу жүйесі заманға сай, өркениетті мемлекеттермен пара-пар. Қарыш­тап даму мен жаңа үрдістерді қа­былдауға бейім қазақ жұрты ғасыр­лар бойы аңсаған армандарына қолын жеткізді. Біздегі бейбітшілік пен тоқшылық, жасалынып жатқан жағдайды өзге мемлекеттердің барлығынан бірдей таба алмайсың. Қазақстанның даму жолдарындағы тәжірибесіне мойынсұнып, мой­ындап, өз мемлекеттерінің өркен­деуі­не және оның болашағын сақ­тап қалу жұмыстарына біздің жүріп өткен жолдарымызды қолданғысы келетін елдер де баршылық. Мемлекет қазақ елінің атын алып, шартарапқа Қазақстан болып танылған соң, оның мемлекеттік тілі – қазақ тілі болып бекітілді. Бүгінгі таңда туған ана тілімізде 2000-нан аса ақпараттық басы­лым­дар мен теле-радио бағдарламалары тарала­ды. Барлық ұлттық және ара­лас мектептерде қазақ тілі міндетті пән ретінде оқытылады. Өзгеден биік, өзіңдікінен дара, абыройына айбары тең қазақ елінің Консти­ту­циясы қазақ рухы мен тілін аспанға көтеріп, мәртебесін айқындап берді. Конституциялық заңнамалар бойынша біздегі азаматтар тең құ­қылы. Яғни, заң бұзса жазалануы мен жауапқа тартылуы да шен мен шекпенге бөлінбей, сот орында­ры­ның алдында кесілген үкіммен шарт­ты жазасын алады. Сондай-ақ, азаматтар ақсүйектік пен қара топ деп ара жігін ажыратпай білім алуға, өмір сүруге, қызмет істеуге тең құқылы. Конституциямызда көрсетіл­ген­дей елдің тарихы, мәдениеті ерекше қорғауға алынып, КСРО кезінде бұрмалауға түскен жер-су аттары са­рап­талып, ғасырлар қойнауынан кел­ген тарихи дәлелдемелермен атау­лары қайтарылды. Қазақтың ұланбайтақ даласы – кең қазы­на­лы, ырысқа толы. Мемлекеттің бай­лығын, қазынасын, ішкі және сырт­қы тәртібін, шетелдерге та­­ныс­ты­рылуы түгелімен заңды түрде қам­тамасыз етілген. Әлем карта­­сынан ойып орын алған Қазақ­стан­ның төрт құбыласын түгел қам­тыған бір­ден-бір басты құжат – Конс­титуция ел игілігіне әлі де ұзақ ша­ра­патын тигізіп, игілігіне жа­рары хақ. Ғабиден ӘБДІРАЙЫМОВ, Көліктегі Оңтүстік-Шығыс ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі.