Саясат • Бүгін, 13:53

Қазақстан мен Жапония аймақтық саммит өткізуге дайын

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның Сыртқы істер министрі Такеши Ивейа мен Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу дүйсенбі күні Жапония мен Орталық Азияның бес мемлекеті арасында жоғары деңгейдегі саммит өткізуді жандандыруға уағдаласты, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан мен Жапония аймақтық саммит өткізуге дайын

Бұл бастама өткен жылы «Орталық Азия плюс Жапония» диалогтық алаңы аясында көтерілген еді. Алты елдің көшбасшылары Қазақстанда кездесу өткізуге келіскен болатын. Алайда, Жапонияның сол кездегі премьер-министрі Фумио Кишида елдің Тынық мұхиты жағалауындағы Нанкай жазығында болуы ықтимал жойқын зілзалаға байланысты соңғы сәтте сапардан бас тартқаннан кейін жиын кейінге шегерілген еді.

Қазақстанда өткен кездесу барысында Такеши Ивейа Мұрат Нұртілеуге Жапония тарапынан ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Оның айтуынша, минералдық ресурстарды игеру, жапон компанияларын аймақтық нарыққа тарту, сондай-ақ экономикадағы әріптестікті кеңейту күн тәртібіндегі маңызды бағыттардың бірі болмақ.

Өз кезегінде Мұрат Нұртілеу Қазақстанның Жапониямен сауда, инвестиция және экономикалық ынтымақтастық салаларын тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті. Министрдің пікірінше, бұл байланыстар тек екіжақты қарым-қатынасты ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағы үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ.