
Келісім аясында Жапония Қазақстанға ядролық сынақ құрбандарына қолдау көрсету мақсатында 7,4 миллион АҚШ доллары көлемінде қайтарымсыз грант бөледі.
Мұрат Нұртілеудің айтуынша, екі ел де ядролық сынақтардың қасіретін бастан өткергендіктен, бүгінде ядролық қарудан азат әлем үшін табанды күресіп келеді. Қазақстан тарабы жапон әріптесінің сапарына айрықша мән беріп отыр. Бұл кездесу – биыл 29 тамызда Семей полигонының жабылғанына 34 жыл толатын тарихи күн қарсаңында өтуімен де ерекше.
«Биыл Хиросима мен Нагасакиге жасалған атом бомбасы шабуылына 80 жыл толды. Ал келесі жылы Семей сынақ полигоны жабылғанына 35 жыл толады», деді Нұртілеу.
Еске сала кетейік, бұған дейін екі елдің сыртқы істер министрлері Астанада ресми келіссөздер өткізген болатын.