31 Шілде, 2010

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы №01-01-07/66

553 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
2010 жылғы 21 сәуір Астана қаласы. Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу ережесін бекіту туралы “Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюд­жет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қыз­меткерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызмет­керлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқ­сандағы №1400 қаулысына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру жә­не спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайла­ры үшін қосымша ақыларды төлеу ережесі бекіт­ілсін. 2. Туризмді, спортты дамыту және халық­аралық ынтымақтастық департаменті (Д.Ү.Қам-зебаева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәр­тіп­пен мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Респуб­ликасы Әділет министрлігіне ұсынсын. 3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ә.Х. Пірметов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Т.А. Ермегияевке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланға­нынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы Т.ЕРМЕГИЯЕВ. _______________________________________________ Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 01-01-07/66 бұйрығымен бекітілді Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже “Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 қаулысына сәйкес әзірленді. 2. Еңбекақысын есептеу үшін қосымша ақылардың мынадай түрлері белгіленген: 1) жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін тікелей қамтамасыз еткені үшін қосымша ақы; 2) спорттық жарыстардың чемпиондарын және жүлдегерлерін дайындағаны үшін қосымша ақы; 3) кәсіби (педагогикалық) шеберлігі үшін қосымша ақы. 3. Жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін тікелей қамтамасыз еткені үшін және спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін дайындағаны үшін қосымша ақы ұйымның контин­гентіне алынған спортшылардың өнер көрсетуі қорытындысы бойынша жарыстар хаттамаларының негізінде жинақталады. Егер спортшы бір жылдың ішінде жарыстар­да бірнеше жоғары спорттық нәтижелер көрсетсе, қосымша ақы төлеу ең жоғары көрсеткіштің біреуі бойынша пайызбен есептеліп жүргізіледі. 4. Жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін тікелей қамтамасыз еткені үшін және спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін дайындағаны үшін қосымша ақы әрбір қызмет­кердің жүктеме көлеміне және тиісті жылға арнал­ған еңбекақы қорына қарай, бюджеттік бағдар­ламаның әкімшісі бекіткен пайыз көрсеткішіне сәйкес жыл қорытындысы бойынша белгіленеді. 5. Кәсіби (педагогикалық) шеберлігі үшін қосымша ақыны: республикалық маңызы бар спорттық ұйым­дардың басшыларына және орынбасарларына – дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган; мемлекеттік жаттықтырушыларға, бас жаттықтырушыларға, аға жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша жаттықтырушыларға – ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі. 2. Жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін  тікелей қамтамасыз еткені үшін қосымша ақы төлеу 6. Алынған нәтиженің пайызға шаққандағы жалпы мөлшерін жарыстардың ұсынылған хаттамаларының негізінде дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган бекітеді және спортшының көрсеткішке қол жеткізген күнінен бастап дәл сондай жарыс өткізгенге дейінгі кезең ішінде (1,2 немесе 4 жыл) қолданыста болады. 7. Қосымша ақыны төлеу мынадай тәртіпте жүргізіледі: басшыға – қосымша ақы сомасынан 100%-ға дейін; басшының орынбасарына – қосымша ақы сомасынан 90%-ға дейін; басшыға (бөлімше, бөлім басшысы, команда менеджері, аға жаттықтырушы, аға әдіскер, әдіскер, нұсқаушы) – қосымша ақы сомасынан 80%-ға дейін; психологқа, тәрбиешіге – қосымша ақы сомасынан 80%-ға дейін; хореографқа, аккомпаниаторға – қосымша ақы сомасынан 80%-ға дейін; бухгалтерге – қосымша ақы сомасынан 80%-ға дейін; дәрігерге, медбикеге, массаж жасаушыға, лаборантқа, ғылыми қызметкерге – қосымша ақы сомасынан 70%-ға дейін; спорт ғимаратының меңгерушісіне – қосымша ақы сомасынан 70%-ға дейін; зоотехникке, мал дәрігеріне, лаборантқа, ат бағушыға, сайманшыға, атшыға – қосымша ақы сомасынан 50%-ға дейін; инженерге, операторға, техникке, механикке, мылтықшыға – қосымша ақы сомасынан 50%-ға дейін; асхана меңгерушісіне, аспазға, асхана жұмысшысына, диета бикешіне – қосымша ақы сомасынан 50%-ға дейін; спорт ғимараттарын сыпырушыға, спорттық команданы тасымалдаушы автобус, микроавтобус жүргізушісіне – қосымша ақы сомасынан 50%-ға дейін. 3. Спорттық жарыстардың чемпиондарын және жүлдегерлерін дайындағаны үшін қосымша ақы төлеу 8. Алынған нәтиженің пайызға шаққандағы жалпы мөлшері әрбір жаттықтырушының жүктеме көлеміне және тиісті жылға арналған еңбек ақы қорына қарай, жыл қорытындысы бойынша спорт ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіледі. Қосымша ақы белгілі бір спорт түрінен бөлімшеге алынған және спорттың басқа түрінен қатысқан спортшы үшін төленбейді. 9. Қосымша ақы балалар мен жасөспірім­дердің спорт мектептерінен және балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олим­пиадалық резерв мектептерінен спорттық шеберлігін жоғары­лату үшін спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарға, жоғары спорт шеберлігі мектептеріне және республикалық спорт колледжіне берілген спортшыларды даярлаған жаттықтыру­шыларға бір күнтізбелік жыл бойында беріледі. 10. Қосымша ақы жаттықтырушыларға бала­лар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінен және балалар мен жасөспірімдердің маман-дандырылған олимпиадалық резерв мектептерінен берілген спортшылар үшін спортта дарынды балаларға ар­нал­ған мектеп-интернаттың, жоғары спорт шебер­лігі мектебінің және республикалық спорт колледжінің контингентіне алынған күннен бастап бір жыл аяқталған соң жүргізіледі. 4. Кәсіби (педагогикалық) шеберлігі үшін  қосымша ақы төлеу 11. Қосымша ақыны төлеу мына мөлшерлерде жүргізіледі: ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының басшысына және орынба-сарына – лауазымдық жалақыдан 115%-ға дейін; жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысына және орынбасарына – лауазымдық жалақыдан 110%-ға дейін; олимпиадалық даярлық орталығының басшысына және орынбасарына – лауазымдық жалақыдан 100%-ға дейін; спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың басшысына және орынбасарына – лауазымдық жалақыдан 95%-ға дейін; Республикалық спорт колледжінің басшысына және орынбасарына –лауазымдық жалақыдан 90%-ға дейін олимпиадалық спорт түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 105%-ға дейін; олимпиадалық емес спорт түрлерінен мем­лекеттік жаттықтырушыға – лауазымды жалақыдан 80%-ға дейін; олимпиадалық спорт түрлерінен бас жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 105%-ға дейін; олимпиадалық емес спорт түрлерінен бас жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 70%-ға дейін; олимпиадалық спорт түрлерінен аға жаттық­тырушыға – лауазымдық жалақыдан 95%-ға дейін; олимпиадалық емес спорт түрлерінен аға жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 60%-ға дейін; олимпиадалық спорт түрлерінен жаттықты­рушыға – лауазымдық жалақыдан 90%-ға дейін; олимпиадалық емес спорт түрлерінен жаттық­тырушыға (техникалық спорт түрлерінен басқа) – лауазымдық жалақыдан 70%-ға дейін; техникалық спорт түрлерінен жаттықты-рушыға – лауазымдық жалақыдан 55%-ға дейін. __________________________________________________________________________ Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6245 болып енгізілді.