31 Шілде, 2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы №369

743 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2010 жылғы  9 шілде Астана қаласы. “Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы”  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Бұйырамын: 1. “Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минис­трінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 тіркелген, 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1481) “Заң газетінде” жариялан­ған) мынадай толықтырулар енгізілсін: осы бұйрықпен бекітілген, Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағ­дарламаларын іске асыратын білім беру ұйымда­рындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесінде: 18-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: “Негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлікке енгізуге жататын барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары “5” болған 9 (10)-сынып бітіру­шілеріне негізгі орта білім туралы үздік куәлік беріледі. 10 (11) және 11 (12)-сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндерден жылдық, қорытынды және қорытынды аттестаттаудағы бағалары “5” болған 11 (12)- сынып бітірушілеріне жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі. Жалпы орта білім туралы “Алтын белгі” аттестатын алуға үміткер ҰБТ-да бір балл жетпеуіне байланысты жалпы орта білім туралы “Алтын белгі” аттестатын растамаған жағдайда, оған жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.”. 2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Н.Р. Аршабеков): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жариялан­ғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолда­нысқа енгізіледі. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Министрдің  міндетін атқарушы   М.САРЫБЕКОВ. ______________________________________________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 14 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6333 болып енгізілді.