05 Сәуір, 2015

ИМ содырлары бірінші араб корольдігі астанасын қиратты (видео)

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05-04-15-IGIL-1

АСТАНА. 5 сәуір. «Ирак және Леванта ислам мемлекеті» (ИЛИМ) тобырының содырлары өздерінің әлем мәдениетінің мұраларын қиратуға бағытталған жабайы жихадтарын одан әрі жалғастыруда. Бұл туралы «Алтапресс.ру» хабарлады. Вандалдардың қиратқыш қолдары бұл жолы Ирактағы Хатра деген көне қаланың орнына жетті. Ол біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырда тіршілік етуін тоқтатқан Парфия патшалығы ірі шаһарларының бірі болатын. Қала сондай-ақ бірінші араб корольдігінің астанасы болған еді. Содырлар Хатраны өткен айдың ішінде басып алды. Сол кездің өзінде-ақ оның ежелден бері сақталып тұрған сәулетіне елеулі зақым келтірілгені айқын болды. Бірақ оның іс жүзінде қаншалықты бүліншілікке ұшырағанын білудің орайы келе қоймады. https://youtu.be/ONjPPO7pQKs Ал қазір «Ислам мемлекетінің» мұнда не істеп, не қойғандарын көрсететін видео-ролик Интернетте жарияланып отыр. Оған қарап ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне кірген Хатраның қандай күйге түскенін байқауға болады. «Видеодан содырлардың бірінің Хатраны «Ислам мемлекетінің» жойып жібергенін, себебі, оған жұрттың «құдай орнына табынып кеткенін» айтып тұрғаны анық естіледі», - деп жазады theartnewspaper.ru. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, сурет, видео: Алтапресс.ру.