Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында К.Мәсімов Мемлекет басшысына елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.
Елбасы бүгінде республика экономикасы күрделі режімде жұмыс істеп жатқанына назар аударды.
– Энергия тасымалдаушы өнімдер бағасының төмендеуі себепті ел бюджетіне түсетін кірістер 40 пайызға қысқарды. Сонымен қатар, өзге экспорттық тауарлардың негізгі түрлерінің, соның ішінде қара және түсті металдардың, көмірдің бағасы төмендеді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы аздаған өсімді қамтамасыз етіп отыр, ал өнеркәсіптік кәсіпорындар, соның ішінде машина жасау саласындағы кәсіпорындар өндірісті азайтты, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы әлемдік нарықтағы күрделі ахуалға қатысты тұжырымдар Қытайда, АҚШ-та өткен, сондай-ақ, Ресей басшылығымен болған келіссөздердің негізінде жасалып отырғанына назар аударды.
– Әлемдегі, соның ішінде Еуропа мен Шығыс Азиядағы экономиканың ахуалын ескере отырып, жағдайдың жуық арада жақсаруын болжау мүмкін емес. Халқымыз қалыптасқан жағдайды білуі тиіс, кәсіпорындарымыздың кірісі азайып, табыстың төмендеуі және жұмыс орындарының қысқаруы ықтимал. 2007-2009 жылдардағыдан да күшті, нағыз дағдарыс дендеп келеді. Осыған байланысты Үкіметке талдау жасауды, дағдарысқа қарсы жұмыстардың жоспарын әзірлеуді, қажетті шараларды белгілеп, оны халыққа жеткізуді тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті мемлекет азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйінің төмендеуіне жол бермейтінін тағы да қадап айтты.
– «Нұрлы Жол» бағдарламасы еңбекпен қамту бағдарламасын толықтыруға, кәсіптік-техникалық білім арқылы жаңа мамандық алу мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды. Осылайша жұрт қажет болған жағдайда өз кәсіпорнында жаңа мамандық ала алатын болады. Сонымен қатар, бізде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау бағдарламасы дайын болуы тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы өнеркәсіптік кәсіпорындардың көрсеткішін арттырудың, салынып қойған нысандардың қуатын пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.
– Кәсіпорындар мемлекет қаражатпен қамтамасыз етеді деп күтпеуі тиіс. Олай болмайды, Ұлттық қордың ақшасын жаңа нысандар құрылысына, сондай-ақ, нашар жұмыс істейтін кәсіпорындарды қолдауға, субсидиялауға пайдалануға тыйым саламын. Бұл жағдайда қандай өндіріс тиімді, қайсысы тиімсіз жұмыс істейтіні бірден көрінеді. Сондай-ақ, біз барынша тиімді менеджмент тарту үшін жекешелендіру жүргіземіз, – деді Қазақстан Президенті.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент • Бүгін, 20:14
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Табиғат • Бүгін, 20:00
«ҚазТемірТранстың» бұрынғы вице-президенті 5,2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Жемқорлық • Бүгін, 19:40
Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
Елорда • Бүгін, 19:10
Түркияда оқушы мектепте атыс шығарды: 16 адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 18:40
Блогерлерге 600 млн теңге салық төлеу міндеттелді
Салық • Бүгін, 18:22
STEM зертханасы: Жаркенттік оқушылар 3D технологиясы мен ІТ-бағдарламалауды меңгерді
Келешек мектептері • Бүгін, 18:02
Жеміс-көкөністі өңдеудің жаңа технологиясы әзірленді
Экономика • Бүгін, 18:00
Қарағандылық полицейлер зейнеткерлерден ақша ұрлаған күдіктіні әшкереледі
Аймақтар • Бүгін, 17:51
Қызылордада полицей өртеніп жатқан үйден 2 баланы алып шықты
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 17:42
Ұлбосын Есенбекова: «Ақылды» машиналар жылдам дамыған сайын адамдарға жақындай түседі
Технология • Бүгін, 17:35
Алматыда Ұлттық метаболикалық код мәселелері талқыланды
Медицина • Бүгін, 17:17
Киелі аспапты жанына серік еткен «Қобыз әже»
Өнер • Бүгін, 17:14