05 Сәуір, 2015

Таразда балабақшаға есек еті берілу дерегі тексеріліп жатыр

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04-04-15-miaso-1

АСТАНА. 5 сәуір. Таразда «Әнет-А» атты жеке балалар бақшасына есектің еті берілгені туралы қауесет тексеріліп жатыр. Бұл туралы 24KZ телеарнасы хабарлады. Осының алдында әлеуметтік желіде ет жеткізушілердің арбасында белгісіз бір жануардың басы жатқаны көрсетілетін видео жарияланған еді. Оны қарсы тұрған үйдің терезесінен қала тұрғындарының бірі ұялы телефонымен түсіріп алған екен. Бейнежазба жарияланған бойда Тараз қаласының мал дәрігерлік ветеринариясының инспекторлары аталмыш балалар бақшасына келген. «Кеше, 2 сәуір күні түс қайта қалалық прокуратураның талап етуі бойынша «Әнет-А» балалар бақшасына бардық. Біз азық-түлік блогындағы ет өнімдеріне тексеру жүргіздік. Ол жерде 100 килограмм шамасында ет сақталыпты. Одан зертхана үшін кесіп алдық. Тексеру қорытындысы 7-8 сәуірде, яғни 5 күннен кейін белгілі болады», - деді Тараз қаласы бас ветеринар-санитар инспекторы Асқар Түйтебаев. Ветеринар инспекторлары тоңазытқыштарды пломбымен жауып, жағдай анықталғанша ондағы өнімдерді пайдалануға тыйыс салды. Әзірге еттің келісімшарт негізінде Байзақ ауданынан жеткізілетіні анықталды. Енді ветинспекция лабораториясында алынған еттің қандай жануардыкі екенін және онда жұқпалы аурудың бар-жоғын тексереді. Жеке балалар бақшасының иесі болса, оның сиыр екенін айтады. Құрыш Нұрымбет. Мәнбе, сурет: 24KZ.