АСТАНА. 5 сәуір. Қостанайда 4-сынып оқушысы дене шынықтыру сабағына қатысамын деп көзі көрмей қалды. Ол сабақ барысында ұстазымен бірге «қуып жет» ойынын ойнаған. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды.
Хрестьян Генинг ойнап жүріп, волейболдың бағанасына басымен соққан. Оған жедел дәрігерлік көмек көрсетіліп, офтальмологиялық ауруханаға жеткізіледі. Алайда, ауыр соққының салдарынан оқушының жанары бірнеше сағат өткен соң көрмей қалды.
Хрестьян Генингтің анасы ұлының мүгедек күйге түскеніне мектеп басшылығы кінәлі дейді. Сондай-ақ, ол кінәлілер заң аясында тиісті жазасын алмайынша тыншымайтынын айтып отыр.
Заңгер Вадим Соболев: «Білім туралы» Заңның 45-бабы, 4-тармағы, 3-бөлімінде оқушының сабақ процесі барысында өмірі мен денсаулығына тікелей мектеп директоры жауапты» екенін алға тартуда.
Айта кетейік, Христьянды шұғыл түрде шет елге апарып, ота жасату керек. Бірақ оның ата-анасы ұлын емдететін қаржысы жоқ екенін айтуда. Олар Қостанай қаласының маңындағы шағын ауылда пәтер жалдап тұрады.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет; tengrinews.kz.
• 05 Сәуір, 2015
Қостанайда оқушы дене шынықтыру сабағында мүгедек болып қалды

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше