04 Сәуір, 2015

Астрахань облысының терістігінде қазақ мәдени орталығы ашылды

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04-04-15-astrakhan_kazakh-1

АСТАНА. 4 сәуір. Ресейдің Астрахань облысының солтүстігінде қазақ мәдени орталығы ашылды. Бұл туралы AstrakhanPost.Ru порталы хабарлады. Жаңа орталықтың аты «Болашақ» деп аталады. «Орталық біздің көп ұлтты өлкеміздің бай мәдени дәстүрлерін сақтап, дамыту мақсатындағы әртүрлі ұлт өкілдерінің мерекелері мен салт-дәстүрлерін, белгілі әртістермен шеберлік кластары мен кездесулер өткізетін орынға айналады», - делінген ұйымдастырушылар таратқан парақшада. Орталықтың ашылуына Қазақстаннан, Астрахань және Қарабалы қалаларынан, Краснояр ауданы мен Ахтуба ауданының Ново-Николаевка селосынан қонақтар қатысты. Салтанатты жиынды ашқан Ахтуба ауданы муниципалды білім беру бөлімінің басшысы Виктор Ведищев екі халықты ғасырлар бойы бір-бірлеріне тығыз байланыстырып келе жатқан достық пен мәдени дәстүрлерді еске ала келіп, құрмет ретінде «Жолдастық» қоғамына қазақтың даңқты күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының барьелфін тапсырды. Жиналғандарды өтіп жатқан Наурыз мерекесімен аймақтық думаның депутаты Алексей Фурик, Ново-Николаевка селосының әкімі Айыс Оразғалиев және бір топ ақсақалдар құттықтады. Содан кейін Астрахань өнер ұжымдары мен Қазақстаннан келген қонақтардың концерті басталды. Бұдан бөлек, мәдениет үйінің фойесінде қазақтың ұлттық тағамдарының көрмесі болды. Ал оның жанына тігілген қазақ киіз үйлеріне бай дастархан жайылып, өзінің меймандарын күтті. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, фото: AstrakhanPost.Ru.