04 Сәуір, 2015

Қарағандыда педофил 1-сынып оқушысын зорлап кеткен

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04-04-15-pedofil-1

ҚАРАҒАНДЫ. 4 сәуір. Үстіміздегі жылғы 31 наурыз күні Қарағанды қаласындағы 16- шағын ауданда бір педофил 1-сыныпта оқитын қыз балаға шабуыл жасап, зорлыққа ұқсас әрекетке барған. Бұл туралы «Новый вестник» хабарлады. Басылымның баяндауынша, белгісіз бір жігіт мектептен қайтып келе жатқан бірінші сыныпта оқитын қыз баланы үйдің подъезіне алдап алып кірген. Сол жерде қауқарсыз балаға қорлыққа ұқсас әрекеттер жасаған. Қыз бала зорламақшы қаскөйдің кескін-келбетін полицияға айтып берді. Ол жасы 25-30 шамасындағы еуропалық нәсілді жігіт көрінеді. Облыстық ішкі істер департаментінен хабарланғандай, қазіргі таңда қалада педофилді іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. «Қылмыстық кодекстің 124-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров. – Криминалды полиция мен тергеу бөлімі қызметкерлерінен тергеу-жедел топ құрылды. Күдіктілердің шеңбері жасалды. Енді осылардың арасынан ықтимал қылмыскер іздестіріледі». Айқын Несіпбай. Мәнбе: Новый вестник. Сурет: 24KZ.