04 Сәуір, 2015

Батыс жауынгерлері қазақ бітімгерлерін үйретіп жатыр

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04-04-15-mirotvorcy-1

АСТАНА. 4 сәуір. Қазақстанда кеше «Дала қыраны-2015» әскери жаттығуының шешуші кезеңі басталды. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің сайтында хабарланғандай, Алматы облысындағы «Іле» оқу полигонына АҚШ пен Ұлыбритания әскери қызметкерлерінің алдыңғы қатарлы топтары жеткізілді. Олар мұнда өздерінің қазақстандық әріптестерін оқытпақшы. Оқу екі кезеңнен тұрады. Оның бірінші үстіміздегі сәуір айында өтсе, екіншісі маусымда қолға алынады. Оқу-жаттығу жиындары далалық алқапта да, штабтық деңгейде де өркен жаяды. «Жаттығулардың басты мақсаты БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларын өткізу кезіндегі Қазақстан бітімгерлер бригадалары мен Қазақстан бітімгерлер батальонының штаб жұмысындағы практикалық дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ әскери бөлімшелердің қарсыласушы жақтардың жанжалдары жағдайында бітімгерлік іс-қимыл атқару кезіндегі жауынгерлік үйлесімділігін көтеру болып табылады», - делінген республика Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің баспасөз парақшасында. Құрыш Нұрымбет. Мәнбе, фото: Deutsche Welle.