АСТАНА. 4 сәуір. АҚШ-тың Кентукки штатында жүкті әйел ел президенті Барак Обаманың кесірінен көшеде босануға мәжбүр болды. Луисвилл қаласында тіркелген жайт қазір әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Жүкті әйел ауруханаға хабарласып, толғағы келгенін айтқан. Бірақ, көшедегі кептеліске тап болған жедел жәрдем көлігі межелі жерге жете алмады. Сол кезде өз күшімен ауруханаға бармақ болған әйел де кептеліске тап болады. Мұндай көлік қарбаласы қалаға президент Барак Обаманың келуіне байланысты пайда болған.
Толғақ қысқан азаматша амалсыздан көлікте босануға мәжбүр болды. Абырой болғанда, дәл сол кезде кептелісте тұрған көліктердің бірінен медбике шығып, жас ананы аман-есен босандырып алды. «Қазір анасы мен сәбиі ауруханада. Екеуінің де денсаулығы өте жақсы», – дейді дәрігерлер. Өмірге ұл бала келгенін айта кетейік.
Дәл осындай жағдай өткен жылдың шілде айында Лос-Анджелес қаласында болған еді. Ол кезде толғағы келген әйел жолдың арғы бетіндегі ауруханаға жету үшін жарты сағат күткен. Себебі, дәл сол сәтте аталған көшеден Обаманың кортежі өтуіне байланысты жол жабық болды.
Қазір АҚШ тұрғындары арасында бұл жайт қызу талқылануда. Тіпті twitter әлеуметтік желісінде #ObamaBabyWatch хэштегі пайда болып, ол жерде америкалықтар өз ойларын білдіруде. Кейбірі: «Бұл ақылға сыйымсыз дүние. Мұндайға қалай жол беруге болады?», –деп наразылығын ашық білдірсе, енді бірі: «Обама әйел құқығын қорғауда чемпион атанды», – деп ойын астарлы сөзбен жеткізген.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: РИА «Новости».
• 04 Сәуір, 2015
АҚШ-та Барак Обаманың кесірінен жас әйел көшеде босанып қалды

Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?
Елорда • Бүгін, 21:58
Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты
Оқиға • Бүгін, 21:30
Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05