АСТАНА. 4 сәуір. Мәскеу билігі «соңғы қоңыраудан» кейін мектеп түлектері қыдыратын орындарда алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл ретте негізінен қаладағы саябақтар нысанаға алынуда. Жергілікті әкімшілік орыс жастары арасында кеңінен таралған ішімдік ішу үрдісімен осылай күресіп көрмек. Бұл туралы izvestia.ru хабарлады.
Мәскеудің қалалық сауда және қызмет көрсету департаментінің басшысы Алексей Немерюктің айтуынша, бұл күнді мейрамханаларда атап өткісі келген түлектерге тек 100 грамм аққайнар ішуге рұқсат беріледі. «Осы мақсатта біз қаладағы мейрамханалардың мәзірімен, мектеп директорлары және ата-аналармен арнайы жұмыс жасайтын боламыз. Сондықтан жылдағы дәстүр бойынша түлектер қыдыратын орындарда ішімдік сатылмайды. Бірақ, біз қанша тыйым салсақ та, түлектер дәстүр бойынша, жоқ дегенде, аққайнар ішетінін бәріміз жақсы білеміз. Соны ескеріп, біз оның мөлшерін шектеп отырмыз. Яғни, мектеп бітірушілерге аталған ішімдіктен тек 100 грамм ғана ішуге рұқсат беріледі», – дейді шенеунік.
Ресейдегі мейрамхана және қонақ үй қожайындары федерациясының президенті Игорь Бухаров бұл мәселе жөнінде: «Мейрамханаларда жасөспірімдерге спирттік өнімдерді тек ата-аналары ғана құйып береді. Кәмелеттік жасқа жетпеген азаматқа даяшының алкогольдік ішікдік құйып беруіне құқы жоқ. Десек те, бізде ата-аналардың өздері соған жол беріп жатады. Сондықтан бұл істе тек ата-аналар жауапты», – деді.
Ал кейбір сарапшылар 100 грамм аққайнарға да рұқсат бермеу керек деп санайды. Себебі, олар жасөспірімдерге «рұқсат» деген сөздің өзі жетіп жатқанын айтып отыр. «Ішімдікпен күрес – Ресейдегі ең өзекті мәселе. Сондықтан енді жетіліп келе жатқан жастардың санасын соған қарсы тәрбиелеуіміз керек. Ал «рұқсат береміз» деп, оның мөлшерін көрсеткеннен ешқандай пайда жоқ. Себебі, жас сана тек «рұқсат» деген сөзді қабылдап, ар жағындағы шектеуге назар аудармайды», – дейді мамандар.
Бүгінде Ресейде мектеп жасындағы оқушылар арасында ішімдік ішу жыл сайын артып отыр. Соны ескерген елдегі Қоғамдық палата Білім және ғылым министрлігіне «соңғы қоңырау» алдында мектептерде ішімдіктің зияны туралы арнайы сабақтар өткізуді ұсынды.
Айта кетейік, 1 мамырдан бастап Мәскеуде ресейлік жастар арасында кеңінен таралған алкогольдік-энергетикалық ішімдіктерге тыйым салынады. Қазір бұл бастамаға Мәскеу облысы да қосылғысы келетінін айтуда.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: izvestia.ru.
• 04 Сәуір, 2015
Мәскеуде мектеп түлектеріне аққайнар ішуге рұқсат беріледі

Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?
Елорда • Бүгін, 21:58
Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты
Оқиға • Бүгін, 21:30
Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05