20 Қазан, 2015

Таразда Асфендияров университетінің филиалы ашылды

603 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Биылғы жазда Жамбыл облысы тұрғындарының денсаулығын жақсарту және денсаулық сақ­тау жүйесін медициналық кадр­лармен қамтамасыз ету мақ­сатында Жамбыл облысының әкімдігі мен С.Асфендияров атын­дағы Қазақ ұлттық меди­циналық университеті өзара ын­тымақтастық туралы екіжақ­ты меморандумға қол қойған болатын. Міне, соның арқасында жақында Тараз қаласындағы медициналық колледжі жанынан С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық уни­верситетінің филиалы ашылды. Ынтымақтастық туралы бұл екіжақты меморандумның не­гізгі бағыты – медицина қыз­меткерлерінің әлеуетін жетілдіру, әлеуметтік медицинаны дамыту. Яғни, Тараз қаласында аталмыш университеттің филиалын аша отырып, қашықтықтан оқыту мен телемедицинаны енгізу, әлемдік деңгейдегі шетелдік ма­мандарды шақыру. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде диагностикалау жә­не емдеудің жаңа технологиялары мен мамандандырылған көмекті енгізу. Сондай-ақ, 2015-2016 жылдар аралығында Тараз қа­ласы мен Жуалы ауданында ме­дициналық және әлеуметтік көмек көрсетуді, Жамбыл ауданы Қызылтаң ауылында ор­наласқан «Айша бибі» шипажайы базасында оңалту көмегін көрсетуді дамыту болып табылады. Сондықтан Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен ашылып отырған университет филиалы аймақта резиденттер дайындау және оқу орнының студенттерін емдеу мекемелерінде интернатурадан өткізу, жоғары курс сту­денттерін дайындау және медицина мамандарының кәсіптік біліктіліктерін арттырумен айналысады. Әрине, осыдан кейін аймақтық филиалдың базасында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы жұмыс істеп, олар өз кезегінде тек оқу ор­нының студенттерін ғана емес, емдеу-алдын алу меке­ме­лерінің қызметкерлерінің де білік­тіліктерін арттырумен айналысатын болады. Соңғы жылдары Жамбыл облысының медицина саласы дамып келеді. Биыл Тараз қаласында 300 орындық көп­салалы аурухана, 200 орындық перинаталдық орталық, Байзақ ауданында 60 орындық туберкулезге қарсы диспансері іске қосылмақ. Меркі ауданы мен Қаратау қаласында 150 келушіге арналған емханалардың құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024