04 Сәуір, 2015

Қарағандының тумасы Беларусьте милицияның басшысы болды

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04-04-15-senko-1

ҚАРАҒАНДЫ. 4 сәуір. Қарағанды қаласының тумасы Беларусь мемлекетінде ішкі істер органдары облыстық буынының бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы «Народные вести Витебска» сайтына сүйенген 365Info.kz хабарлады. «Қазақстанның тумасы Беларусьте милиция бастығы болды. Беларусь президенті Александр Лукашенко милиция генерал-майоры Виктор Сеньконы Витебск облыстық атқару комитеті ішкі істер басқармасының бастығы етіп тағайындады», - делінген хабарламада. Генерал-майор Виктор Сенько 1965 жылы Қарағандыда туған. Ол Беларусь Республикасы ішкі істер министрлігінің академиясын бітірген. 1989 жылдан ішкі істер органдарында қызмет етеді. Жаңа тағайындауға дейін Сенько Минск облыстық атқару комитеті ішкі істер басқармасы бастығы болып істеген. «Бұл соңғы 12 жылда ғана емес, бәлкім, Витебск облыстық атқару комитеті ішкі істер басқармасының барлық тарихында бірінші рет басқармасын генерал-майор шеніндегі тұлғаның басқаруы шығар», - деп атап көрсетеді осы орайда сайт тілшісі. Айқын Несіпбай. Дерек, фото: 365Info.kz.